Жорға бәйгеден Қазақстан қоржыны күміспен толықты

Тоғыз шақырымдық жорға бәйгеде Қазақстан сәйгүлігі екінші келді, деп хабарлайды  Туризм және спорт министрлігі, «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының» баспасөз қызметі.

Жорға жарысқа 18 қатысушы қатысты. Қырғыз Республикасының «Чиксон Лок» мәре сызығын бірінші болып кесті. Қазақстан сәйгүлігі «Ақ-жауын» екінші болып келсе, қырғыз тұлпары «Императрица» үштікті түйіндеді.

1-орын: Чиксон Лок. жокей – Жайлообек уулу Чубан, бапкері – Жайлообек уулу Чубан, ат иесі – Жақыпбек Қарыпбеков (Қырғыз Республикасы);

2-орын: Ақ-жауын. Жокей – Ербұлан Тілеуғалиұлы, бапкері – Шабдан Алмазбекұлы, ат иесі – Қымбат Тілеуғалиұлы (Қазақстан);

3-орын: Императрица. Жокей – Нурэл Иранов, бапкері – Жайлообек уулу Чубан, ат иесі – Омурбек Бабанов (Қырғыз Республикасы).

Related posts

Садақ атудан күміс жүлде бұйырды

editor

Итоги финальных этапов Кубка Мира FIS по фристайлу в дисциплинах «могул», «параллельный могул» и «лыжная акробатика»

ttjk

Алтын-күміс иеленген бүркітшілерге автокөлік сыйланды

editor