Екі жыл бойы алаяқтарға ақша аударған

Ақтөбеде полицияға 67 жастағы зейнеткер алаяқтың құрбаны болғаны туралы арызданған.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ер адам Instagram қосымшасында  ұлттық мұнай компаниясына ақша салуды ұсынатын жарнаманы көрген. Қария алаяқтардың мұнай мен газды сатудан тез пайда табуға уәде бергеніне сенген. Көп пайда табуды ойлаған зейнеткер екі жыл бойы туыстарына хабардар етпей, банктерден несие рәсімдеп, алаяқтарға 2,5 млн теңгеден астам ақша аударған.

Қазір алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды және күдікті адамды анықтау мен ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Related posts

Жылу беру маусымында 1130 мәрте өрт шыққан

editor

«ӘЛЕУМЕТ – ҚОҒАМ АЙНАСЫ»-2023 ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ

Назия Жоямергенқызы

Қазақстандықтардың несиесі бір көрсеткішпен шектеледі: Ұлттық банк шарттарды атады

Назия Жоямергенқызы