Белгілі саясаткер Андрей Чеботорев қытайтанушы, профессор Константин Сыроежкинге Қазақстан президенті рақымшылық жасағанын айтты.

«Өткен жаздан жақсы жаңалық! Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы рақымшылық істері жөніндегі комиссияның ұсынысы бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлықпен белгілі синолог, саяси ғылымдар докторы, профессор Константин Сыроежкинге рақымшылық жасады» деп мәлімдеме жасады Андрей Чеботорев әлеуметтік желідегі парақшасында.

 

 

Осыған байланысты оның соттылығы жойылып, құқықтары қалпына келтірілген. 

Еске сала кетейік, 2006 жылдан бастап Константин Сыроежкин  Президент жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері болды. Ол сонымен қатар Қазақ КСР Ғылым Академиясының ұйғырлану институтында (1986-1992),  Ғылым академиясының Шығыстану орталығында (1992-1996) жұмыс істеді. Бірқатар ғылыми және әдеби еңбектердің авторы. Ал 2019 жылдың мамыр айында оның ұсталуы туралы ақпарат пайда болды.Сол кезде Сыроежкин елге сатқындық жасады деген күдікке ілінген. Ал 2019 жылдың қазанында саясаткер 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Саясаттанушы жазасын өтегеннен кейін елден шығарылатыны да айтылған еді. Алайда бес жыл қамауда отырғаннан соң мерзімінен бұрын бостандыққа шықты.

 

Related posts

ГОЛОС МИРОВОГО ХОРА ПОДНИМАЕТСЯ ИЗ СТАМБУЛА

ttjk

Мемлекет басшысы АӨСШК бас хатшысы Қайрат Сарыбайды қабылдады

Назия Жоямергенқызы

Сыртқы істер министрінің орынбасары АҚШ делегациясымен кездесті

editor