Полиция басшылары ұсталды

Бұған дейін әлеуметтік желіде Шымкент ПД Қаржылық қамтамасыз ету басқармасының басшысы Бақтияр Баянов пен полиция аға лейтенанты Қуаныш Әбдалин ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді. Ақпаратқа сәйкес, олар мемлекетке шамамен 370 млн теңге шығын келтіргені айтылған.

Ішкі істер министрлігі Шымкенттегі полиция басшыларының ұсталуына қатысты түсінік берді.

«Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ішкі істер министрінің тапсырмасымен Өзіндік қауіпсіздік департаменті қызметтік тексеруді бастады. Оның қорытындысы бойынша, қатаң шара қабылданып, кінәлілер заңға сәйкес жазаланады» деп жазылған хабарламада.

 

Related posts

Дастан Сәтпаев – Қазақстан футболының ең қымбат ойыншысы атанды

Назия Жоямергенқызы

Мажарстан — Түркі мемлекеттері Сауда-өнеркәсіп палаталары одағының мүшесі

Назия Жоямергенқызы

«ЕРКІН СӨЗ»-2025 ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ