Шенеуніктер жұмыс уақытында ішімдік ішкен

Жетісу облысының әкімдік қызметкерлері облыстық мәслихат депутатымен бірге жұмыс уақытында дастарқан жайып, ішімдік ішкен деп айыпталып отыр.

Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылының тұрғыны мекемеде үстел басында отырған бірнеше ер адамды бейнежазбаға түсірген. Видео авторы бейнеде Жетісу облысы Кербұлақ ауданы әкімінің екі орынбасары Алматы облысы депутаттарының бірімен үстел басында бірге отырғанын  айтқан.

Куәгер ер адамдардың жұмыс уақытында ішімдік ішіп отырғанын айтып, полиция қызметкерлерін шақырып, тәртіп сақшыларынан жұмыс уақытында алкоголь ішуді тіркейтін ер адамдарды куәландыруды талап етті.

Оқиғаға байланысты Кербұлақ аудандық әкімдігі жауап берген. Қазіргі кезде  аталған дерек бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.

аудандық әкімдіктің әлеуметтік желілердегі ресми парақшасында: «Кербұлақ ауданы әкімдігінің қызметкерлері туралы тараған ақпаратқа қатысты қазіргі уақытта әкім аппараты тиісті қызметтік тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаймыз. Тексеру нәтижелері бойынша қосымша ақпарат беріледі», — делінген.

Related posts

2050 жылдары еліміздің 19 млн тұрғыны қалада тұрады

editor

ЖАЗДЫҢ СОҢЫН БОДРУМДА ӨТКІЗІҢІЗ

ttjk

Жазушы Мұхтар Мағауин дүниеден озды

editor