Оқушылардың жаппай улануы: министр пікір білдірді

Маңғыстау облысындағы Бесшоқы ауылындағы  №8 мектепте бірінші ауысымның 1-4 сынып оқушылары мектеп асханасында жаппай уланған еді. Осы жағдайға қатысты Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова пікір білдірді.

Ведомство басшысы өзінің Facebook парақшасында жазғандай, бұл жерге облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем стансасының10 негізгі және екі қосымша бригадасы, сондай-ақ Мұнайлы аудандық орталық ауруханасының IV санаттағы бес шақыруға қызмет көрсету бригадасы жіберілді.

Сондай-ақ медициналық ұйымдарға облыстық психикалық денсаулық орталығының психологиялық көмек топтары шығарылды. Министрдің айтуынша, балалардың денсаулығы Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында.

#денсаулық #жаппайулану #мектепасханасы #ақмараләлназарова

Related posts

Угроза кори: главный санврач Астаны высказалась о вакцинации

Астана күніне орай заманауи емхана ашылады

Назия Жоямергенқызы

Қызылша қаупі: Астананың бас санитарлық дәрігері вакцинация туралы айтты

Назия Жоямергенқызы