Жараланған сарбаз көз жұмды

Маңғыстау облысындағы полигон жиыны кезінде жараланған сарбаз ауруханаға жетпей көз жұмды.

Қайғылы оқиға 7 қыркүйекте Оймаша полигонындағы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы бөлімшелерінің жиындары кезінде болған. Сағат 17:10 шамасында лагерь кезекшісі, гвардия лейтенанты ПМ 9 мм тапаншадан рұқсат етілмеген оқ атып, гвардияның мерзімді қызмет сарбазы, қатардағы жауынгер Марат Ерболұлы Барқұловтың бетіне тиді.

Оқыс оқиға салдарынан жараланған сарбаз шұғыл түрде қалалық ауруханаға жеткізілгенімен, жаралы сарбаз ауруханаға жетпей, жолда, сағат 17:40 шамасында қайтыс болды. Ақтау гарнизонының баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға қару қолдану ережелерін бұзу салдарынан болған.

Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталып, қылмыстық іс қозғалды. ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан адамның туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

#әскер #қорғаныс #қарулыкүштер #сарбаз #жауынгер

Related posts

Мемлекеттік кеңесші Парламент Мәжілісі фракцияларының жетекшілерімен кездесті

ttjk

15 ақпан – Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл

ttjk