АҚТӨБЕ: «ІСКЕРЛІК ЖУРНАЛИСТИКА: ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ»

 

Түркітілдес журналистер қоры мен Дүниежүзілік шетелдік баспасөз ассоциациясы (World Foreign Press Association — WFPA) «HALYK BANK” серіктестігінде 2024 ж. 4 қазанда Ақтөбе қаласында «Іскерлік журналистика: қаржылық сауаттылық» жобасы шеңберіндегі «Halyk bank депозиттері мен акциялар» тақырыбы бойынша семинар-тренинг өткізеді.

Аталған семинарлар тізбегі Атырау, Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Ақтауда ұйымдастырылады.

Семинар-тренингтер нәтижесінде қатысушылар Түркітілдес журналистер қорының “Halyk Bank” АҚ серіктестігінде 2017 жылдан бері өткізіп келе жатқан «Еркін сөз»-2024 байқауында бақ сынайды. Байқау жеңімпаздары 2024 ж. 11-12 қарашада Алматыда өткізілетін IV Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумының салтанатты кешінде марапатталады.

IV Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумына Қазақстанның барлық облыс, аймақтарынан, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Германия, Британия, Нидерланд, Швейцария, Австрия, Бельгия, Италия т.б. елдерден БАҚ басшылары, журналистер, баспасөз хатшылары, PR менеджерлер, журналистика факультеттерінің оқытушылары мен студенттері, трэвл блогерлер қатысады.

Толық ақпарат: +7 778 878 3408 (WhatsApp).

#түркітілдесжурналистерқоры
#фондтюркоязычныхжурналистов
#turkdilikonuşangazetecilervakfı
#turkicspeakingjournalists #wfpa #worldforeignpressassociation #халықбанк #halykbank #қаржылықсауаттылық #halykbankтренингтер #іскерлікжурналистика #халықбанкпентренинг

Related posts

Әлемде алғаш рет соғып тұрған донорлық жүрек сәтті ауыстырылды

Назия Жоямергенқызы

İstanbul Hosted the Famous Tenor Andrea Bocelli’s Amazing 30th Anniversary Concert

Назия Жоямергенқызы

Абай облысының әкімі елден шыққан азаматтарды туған өлкені көркейтуге атсалысуға шақырды

Назия Жоямергенқызы