Акционер боламын деп алданып қалды

Шымкент қаласының тұрғындары интернет-алаяқтардың құрығына түскен. Құқық қорғау өкілдері таратқан мәліметке сүйенсек, күдікті алаяқтық жолмен түскен қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырған «дропперлермен» бірге әрекет еткен.

Жәбірленушілердің біріне қаскөйлер белгілі банктің акционері болуды ұсынып, айласын жүзеге асырады. Әйел көрсетілген шотқа 500 мың теңге аударып, ақшасынан айырылған. Екінші жағдайда алаяқтар Instagram-да қымбат телефонды өте төмен бағамен сату туралы хабарландыру жариялаған. Бұған сенген тұрғын оларға 683 мың теңге аударып үлгерген. Бірақ уәде етілген гаджет жеткізілмеген. ІІМ криминалистері заманауи цифрлық технологияларды қолданып “дропперлерді” анықтап, негізгі күдіктіге шықты. Ұрланған қаражаттың барлығы зардап шеккендерге қайтарылды. Қылмыстық іс қозғалды.

«Сайттар мен ұйымдарды тексеріп алыңыздар. Кез келген күдікті әрекет туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлаңыздар. Қырағылық пен сақтық — кибералаяқтықтан қорғанудың ең тиімді тәсілі», – деп атап өтті ведомствода.

Related posts

Әр түрлі жанрдағы түсірілім ерекшеліктері: кино, деректі фильмдер, жарнама

ttjk

Enjoy the colours of spring in Istanbul

ttjk

Türkiye’s Most Popular Caravan Routes

ttjk