5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық қалай жүріп жатыр?

 

Бір айдан соң Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділеройындары басталады. Еліміз алғаш рет Орталық Азияныңкөшпелі халықтарының ойындарына негізделгенхалықаралық спорттық жарыстарды өткізу эстафетасынқабылдайды. 5-ші ойынның бас серіктесі еліміздің ең ірібанкі Halyk Bank болды. Ынтымақтастық туралы келісімге биыл маусым айында ҚР премьер-министрінің біріншіорынбасары Роман Скляр мен Halyk Bank төрайымы Үміт Шаяхметова қол қойған болатын.

Айта кетейік, көшпенділердің алғашқы дүниежүзілікойындары 2014 жылы Ыстықкөл жағалауында өткен еді.Жарысқа 19 елдің спортшысы қатысқан болатын. Ал былтырғы ойындар Түркияның Изник қаласында өтіп, 80-нен аса ел қатысқан еді. Ал биыл Астанаға 89 елден 2000-нан аса қатысушы келеді. Болжам бойынша 8-13қыркүйек аралығында Қазақстан астанасына 100 мыңнанаса адам келеді. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұйымдастырушылар көрермендер үшін алты жерде өтетін 21 спорт түрінен жарыстар ғана емес, сонымен қатарғылыми-танымдық және мәдени бағдарламалар дайындайды.

Мәселен, Қазақстанның Ұлттық музейінде «Көшпенділер:тарих, білім, сабақтар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді. Онда келушілер ұлттықспорт түрлерін дамытудың қазіргі жағдайымен танысып, түркі халықтарының дәстүрлері мен мұралары туралы білеалады.

Сондай-ақ, «Қазанат» ипподромы маңында 10 гектараумақта «Көшпенділер әлемі» этноауылы орналасады. Онда күн сайын мәдени іс-шаралар өтеді: еліміздің үздік шебер-қолөнершілерінің көрме-жәрмеңкесі, шеберлік сыныптары,айтыстар, аң аулау бойынша жарыстар және ұлттық күрестүрлері бойынша көрсетілімдер.

Бұдан бөлек, этноауылда Қазақстанның 17 облысы менреспубликалық маңызы бар үш қаланың өкілдерін қамтитын«Бірлік Керуені» өтеді. Бұл шеруге қатысушылар қатарындаHalyk Bank филиалдарының басшылары болады.

Фото: Мейірбек Тажкуранов.

Related posts

Голливудская звезда влюбился в Стамбул

ttjk

«Шеврон» компаниясы атыраулықтарға Тікелей инвестициялар қорын таныстырды

ttjk

Саңыраулар қоғамындағы қаржы ұрлығы

editor