ТӘУЕЛСІЗДІК — БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

Ертең, яғни, 15 желтоқсан күні Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанынан құрылған Еуразия ғылыми-зерттеу институты Түркия мен Қазақстанның түрлі үкіметтік емес ұйымдарының қолдауымен Қазақстанның Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Тәуелсіздік – басты құндылық» атты ғылыми-практикалық конференция өткізеді. Ғылыми-практикалық конференцияның ашылу салтанатында Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Рыза Каған Йылмаз және Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доцент, доктор Невзат Шимшек баяндама жасайды.

Сонымен қатар аталған шарада Тәуелсіздіктің қазақ халқы үшін маңыздылығы, қол жеткізген жетістіктер мен егемендікке бастар жолда кездескен кедергі-қиындықтар туралы ҚР ҰҒА академигі, ф.ғ.д., профессор Ә.Н. Нысанбаев баяндама жасайды. Әбдімәлік Нысанбайұлы баяндамасында «Тәуелсіздік» ұғымының Қазақстан үшін басты құндылықтарының бірі ретінде қабылдану себептері жайлы  пікірімен бөлісіп, дербес ел болған 24 жылдағы Қазақстанның экономикасы, мәдени және әлеуметтік дамуы жайлы сөз қозғайды.

Еуразия ғылыми-зерттеу институтының «Тәуелсіздік – басты құндылығымыз» атты тақырыпта ғылыми-практикалық конференцияны өткізу мақсаты — Қазақстан халқы үшін ұлық мереке саналатын Тәуелсіздік күнінің мәні мен маңызын арттыруға үлес қосу.

Ғылыми конференция 15 желтоқсан күні сағат 14.00-16.00 Алматы қаласы, Мәметова көшесі (Чайковский көшесінің қиылысы), 48-үйде орналасқан Еуразия ғылыми-зерттеу институтының кеңсесінде өтеді.

«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ

Related posts

ttjk

Halyk Bank: смартфон ұтып алыңыз

ttjk

«ӘЛЕУМЕТ – ҚОҒАМ АЙНАСЫ»-2022 ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ

ttjk