Үндістанның Пәкістанға жасаған соққысынан ондаған адам қаза тапты.

Бүгін Пәкістан билігі алты елдімекеннің зардап шеккенін мәлімдеді. Исламабадтың дерегінше, қаза тапқандардың арасында кемінде 24 бейбіт тұрғын бар, тағы 50-ге жуық адам жарақат алған. Сонымен қатар, Үндістан Қашмирдегі су электр станциясын да нысанаға алған деп айыпталуда.
Үндістан тарабы Пахалгам ауданындағы терактіден кейін басталған «Синдур» операциясы аясында 9 нысанаға 24 зымыран жіберілгенін хабарлады. Нью-Дели бұл шабуыл тек лаңкестік объектілерге бағытталғанын мәлімдеді.

Ал Пәкістан тарапы шабуыл салдарынан алты елді мекен зардап шеккенін алға тартады. Исламабадтың мәліметінше, кем дегенде 24 бейбіт тұрғын қаза тауып, 50 шақты адам жараланған. Сонымен қатар, Үндістан Қашмирдегі су электр станциясына соққы жасаған деп айыпталуда.

Пәкістанның қорғаныс министрі Хаваджа Асиф үнді әуе күштерінің бес жойғыш ұшағының атып түсірілгенін хабарлады. Екі ел арасындағы ахуал күрт шиеленісіп отыр. Бұл жағдай соңғы жылдардағы ең ірі әскери қақтығыстардың бірі ретінде қарастырылуда.
Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы Компьютерлік технологиялар кафедрасы Медиажурналистика мамандығының 1-курс студенті Аскапова Сезім

Related posts

Travel Expert | Top Things to Do & Places to Visit in Seattle

ttjk

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасымен бірге мемлекеттер арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты бекемдей беретініне назар аударды

Назия Жоямергенқызы

Айқастың қызметі айрықша

editor