5 мың жылдық тарихы бар қаладағы дәруіштер әлеміне саяхат

Әлемнің ондаған мемлекетінен 34 БАҚ құралының өкілдері Түркияның екі қаласында 7 күндік пресс-тур жасады. Онда Қазақ елінен екі журналист қатысты. Пресс-турдың басты мақсаты Түркиядағы туризм саласы қауіпсіздігін, пандемияға дайындығын насихаттау-тұғын.

Сонымен бірге жыл сайын тарихи қала Конияда өтетін «Şeb-i Arus» (Шеб-и Арус) шарасына қатысу болды. Бұл ұлы ойшыл Мәулана Жәлләдин Румдің 17 желтоқсанда өмірден озған күніне орай өтетін дәстүрлі шара.

Мыңдаған жылдық тарихи ескерткіштері өз қалпында сақталған Кония қаласының ең басты құндылығы да осы жәдігерлер екен. Тарихи мекенде тау қойнауында, шағын өзен бойында орналасқан Силле бақшасы деп аталатын тамаша орын бар. Мүнда салынғанына жүздеген жылдар болған шіркеулер, православ дін өкілдерінің өмір сүрген тау үңгірлері бар. Бәрінің де селжұқ одан кейін османлы дәуірінде бұзылмай сақталғаны таң қалдырады. Ғасырлар бойы, нақты сандармен айтар болсақ 1071-1924 жылдары аралығында түрік-османлы кезеңінде, Силле ауылы Кіші Азияның ішкі аймақтарында қалған грек православиелік мәдениетінің орталықтарының бірі болды. ХХ ғасырдың басында Түркия мен Греция дін негізінде халықты алмасу туралы шешім қабылдады. 1924 жылдан кейін барлық грек халқы ауылдан кетіп қалған екен. Қазір Силле ауылында 3500 адам тұрады.

Силле қалашығы

Кониядағы ең басты орын әрие, бұл емес. Ең бастысы «Кез дүнияны, көр Корнияны» деп жырлаған Мәулана Румидің кесенесі. Оның айналасындағы тақуалар мен дәруіштердің тағылымды өмір жолы мен мәнге толы сөздері. Бұл ғажап адамдар жайлы олардың жерленген кесенелерін аралай жүріп, архитектураның мыңдаған жылдар бойы сыны кетпей сақталған көре жүріп естудің әсері мүлдем бөлек болмақ.

«Кеше мен əлемді өзгертуге тырысатын «өте ақылды» адам едім. Ал бүгін өзімді өзгертуге жұмыс жасайтын қарапайым адамға айналдым» деген дана Руми. Шеб-и Арус сөзі «сүйіктісімен қауышу» деген мағына береді. Бұл сөзді Мәулана Жаратушымен қауышу, Алламен дидарласу мағынасында қолданған. Дәстүрлі мәдени шараға Түркия Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Эрсой арнайы қатысты. Мәулананың қайтыс болуына 747 жыл толуына орай, еске алу шарасы салтанатты деңгейде өтті.

Салтанатты шараның ресми бөлігінен кейін Түркия Мәдениет және туризм министрлігінің жанынан құрылған Түрік Сопылық музыкалық ансамблі «Сема» саланатын орындады. Шыр көбелек айналатын «Сема» – дәруіштердің биі.

Мейіржан Әуелханұлы

Related posts

АҚПАРАТ МИНИСТРІ АРАША ТҮСТІ

Назия Жоямергенқызы

ЕГЕМЕН ЕЛ — ЕРКІН СӨЗ

Назия Жоямергенқызы

For the Sake of 40 Years… Celebrate The World Turkish Coffee Day

editor