448,7 мың адам жұмыспен қамтылды

Биыл қыркүйектегі жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына 448,7 мың адам қатысты. 338,4 мың адам жұмыспен қамтылды, оның 175,9 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты.

Субсидияланатын жұмыс орындарына 162,4 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарында 14,2 мың адам, жастар практикасында 21 мың адам, қоғамдық жұмыстарда 101,4 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 7,9 мың адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 326 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 17,6 мың адам жұмыспен қамтылып отыр.

Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 43,8 мың жұмыссыз қамтылса, оның ішінде 39,7 мыңы оқуды аяқтады. Сондай-ақ, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 50,6 мың адам қамтылды, оның ішінде 33,5 мың адам оқуды аяқтап, сертификаттар алды.

Қызмет саласын таңдау мақсатында 147,9 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.

Бұдан басқа, жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін ағымдағы жылдың басынан халықтың әлеуметтік осал санаттарына 400 АЕК дейінгі (1 476 800 теңге) мөлшерде 8 941 грант берілді.

Related posts

17 кен орны мемлекеттік тіркеуге алынды

editor

VI Халықаралық күзгі PR медиа мектебі іс-шарасы өтті

ttjk

САМЫЕ КРАСИВЫЕ ПЛЯЖИ ТУРЦИИ

ttjk