«Соңына өшпес із қалдырды»: Президент Асанәлі Әшімовтің отбасына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовтің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

Президенттің жеделхатында Асанәлі Әшімовтің театр мен кино өнерін дамытуға бар ғұмырын арнағаны атап өтіледі. Мемлекет басшысы оның ұлттық мәдениеттің өрісін кеңейтуге сіңірген еңбегі өлшеусіз екенін, сомдаған сан қырлы бейнелері арқылы халықтың зор құрметіне бөленгенін жазған.

«Сахна шебері әрі кәсіби киногер ретінде ол өнер тарихында өшпес із қалдырды. Жас буынға жол көрсетіп, рухани сабақтастықтың жалғасуына айрықша үлес қосты. Өнердің асқақ туын биік көтеріп, мағыналы да мәнді өмір сүрген Асанәлі Әшімовтің жарқын келбеті ел жадында мәңгі сақталады», – делінген көңіл айту жеделхатында.

Фото:Акорда

Related posts

Бір әріптен кеткен қате зейнетке шыға алмауына себеп болды

editor

Үржар ауданында 6 мектепке STEAM кабинеттері орнатылады

Назия Жоямергенқызы

Республикалық бюджеттен 3 трлн 752,1 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді

editor