Мазмұнға өту

АТЫРАУДА САДРАДДИННІҢ КОНЦЕРТІ ӨТТІ

Қазақстандағы жас  әнші Садраддин Атыраудағы “Жайық” мәдени-спорттық кешенінде концерт өткізді. 27 желтоқсан күні Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтары ерекше музыкалық кештің куәсі болды.  Бұл мәдени шара отандық өнерсүйер қауым мен жас әншінің фанаттары үшін нағыз мейрамға айналып, көлемі үлкен кешен көрермендерге лық толды.

Концерт барысында Садраддин өзінің танымал әндерімен бірге  жаңа туындыларын орындады. Әрбір композиция ерекше қошемет пен эмоцияға ие болды.

Сахнадағы  жарық, кәсіби дыбыс жүйесі және керемет қойылым концерттің жоғары деңгейде өткенін көрсетті. Кештің ең есте қаларлық сәттерінің бірі – Садраддиннің көрермендермен тікелей байланыс орнатуы мен “Атырауға күйеу бала болып қалып қоймасам болды” деген қалжыңы болды. Әнші өзінің шығармашылығын қолдап жүрген тыңдармандарына шынайы алғысын білдіріп,
алдағы уақытта тағы да келетінін уәде етті.

Зерделім Бекбол, №38 мектеп-лицейінің 10 “А” сынып оқушысы, Атырау қаласы.


Deprecated: Файл Тақырыпсыз comments.php с версии 3.0.0 считается устаревшим. Альтернативы не предусмотрено. Өтініш, аcomments.php тақырыбыңыздағы үлгі. in /var/www/vhosts/ttjk.info/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6085

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.