АНКАРАДАҒЫ ЖАРЫЛЫС: әкесі қызынан бас тартады

Анкарадағы жарылысты ұйымдастыруы мүмкін деген күдіктінің әкесі: «Егер лаңкестік әрекетті менің қызым жасаса, оның жаназасынан бас тартамын», – деді. Оның айтуынша, 24 жастағы қызы Сехер Чағла Демир 2012 жылы Балыкесір университетіне құжат тапсырғаннан кейін ұшты-күйлі жоқ боп кеткен. Содан кейін жоғалғандар тізімінде тұрған.
Осыдан отыз жыл бұрын Карстан Мармараға көшіп келген қыздың туғандары ДНК анализін жасату үшін қан тапсырды. Егер лаңкестің қанымен сәйкес келсе, күдіктілер қатарына қосылады.
Түркиядағы бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұған дейін Сехер Чағла Демирдің үстінен «Лаңкестік топқа мүше болды», – деген айыппен қылмыстық іс қозғалған екен. Бірақ оны Түркия Мәжілісінен орын алған күрдтерді жақтайтын партиясы – Халықтарлың демократиялық партиясы тарапынан сайланған депутат-адвокат Хүсейн Боғатекин сот залынан бостандыққа алып шыққан.
Естеріңізге сала кетсек, кеше, 2016 жылдың 13 наурызында Анкарада болған жарылыстың салдарынан 37 адам қаза тауып, 125-і жарақат алған болатын.
«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ

Related posts

В Жылыойском районе состоялось открытие двух объектов социальной инфраструктуры

Назия Жоямергенқызы

АРМАНСЫЗ АДАМ БОЛМАЙДЫ

ttjk

ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫ СТАМБҰЛДА “БІРЛІК” ҰЙЫМЫН ҚҰРДЫ

ttjk