Әзірбайжан: Азаттыққа апарар жол

 

1990 жылдың 20 қаңтары – Әзірбайжан халқының тарихындағы ең қайғылы және қаһармандыққа толы күндердің бірі. Бұл күнді әзірбайжандықтар «халықты қорқыту, оның еркіндікке ұмтылысын тұншықтыру мақсатында жасалған ең ауыр қылмыстардың бірі» деп атап келеді.

20 қаңтар және Әзірбайжан тарихындағы басқа да қайғылы оқиғалар XX ғасыр бойы әзірбайжандықтарға қарсы мақсатты түрде жүргізілген саясаттың бір бөлігі болды. Таулы Қарабақта сепаратизмнің өршуі, әзірбайжандарды Армения аумағындағы тарихи жерлерінен қуып шығару және жергілікті жасалған геноцид сол кездегі саясаттың негізгі кезеңдері болды.»1990 жылдың 19-ынан 20-сына қараған түні КСРО Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы Михаил Горбачевтің бұйрығымен Кеңес Одағы Қорғаныс министрлігі, Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті және Ішкі істер министрлігінің әскери бөлімшелері Баку мен Әзірбайжанның бірнеше аймағына басып кірді. Қарусыз халыққа қарсы жасалған қарулы агрессия жүздеген жазықсыз адамның өлімі мен жаралануына себеп болды, бұл Кеңестік тоталитарлық режимнің қылмыстық табиғатын тағы да әлемге паш етті», дейді Әзірбайжан тарихшылары.

19 қаңтар күні кешке 65 мыңдық кеңес әскері ешқандай ескертусіз, бес бағыттан Баку қаласына басып кіреді. Танктер мен бронетехника көліктерді, адамдарды таптап, қарусыз халықты атылған оқтың астына қалдырған. Қалада және басқа аймақтарда 147 адам қаза тауып, 744 адам жараланса, 800-ден астам адам қамауға алынған екен.

Халықаралық «Қалқан» құқық қорғау ұйымының сарапшылары жасаған баяндамасында бейбіт тұрғындардың қатыгездікпен атылғаны көрсетілген. Кейбір құрбандардың денесінде ондаған оқтың ізі болған. Жаралыларды емдеуге тырысқан дәрігерлер, жедел жәрдем көліктері де атқыланды. Мұның барлығы –  Әзірбайжан халқына қарсы ұйымдастырған әскери қылмысының айқын дәлелі. Осы 20 қаңтар оқиғасынан кейін Кеңес Одағының ақпараттық блокадасына қарамастан Әзірбайжан халқының Ұлт Көшбасшысы Гейдар Әлиев Мәскеудегі Әзірбайжан өкілдігіне барып, қанды қырғынды қатаң айыптады. Ол бұл қылмысты демократияға, заңдылыққа және адамгершілік принциптеріне қайшы келетін мемлекеттік терроризм ретінде сипаттап, кінәлілерді жауапқа тартуды талап етті.1990 жылғы 20 қарашада Нахчыван Автономиялық Республикасының Жоғарғы Мәжілісінде Гейдар Әлиев 20 қаңтардағы трагедияны әзірбайжан халқының егемендік құқықтарына жасалған шабуыл деп бағалады. Оның бастамасымен бұл оқиғаларға саяси және құқықтық баға беріліп, ал 1994 жылы 20 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.

 

 

Related posts

Исследуйте Турцию на велосипеде

ttjk

ҚМА төрағасы Д. Малахов, «Атамекен» ҰКП басшысы Р.Баталов және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қ.Нұров өзара ынтымақтастық туралы келісті

ttjk

Түрік Ривьерасының інжу-маржаны: Анталья мұражайы

Назия Жоямергенқызы