Алматы қаласында жасанды интеллектті медицина саласына қолдану жүзеге асырылып жатыр. Қазақстан бойынша алғаш рет Алматы қалалық онкология орталығында химиопрепараттарды дайындаудың роботтандырылған KiroOncology жүйесі енгізілді. Бұған дейін аталған жүйе тек Еуропа мен АҚШ клиникаларында пайдаланылған. Атап айтқанда №3 қалалық емханада тіркеуші қызметін атқаратын жасанды интеллект негізіндегі дауыс роботтары іске қосылды. Жүйе пациенттің сөзін естіп, түсінеді, кеңес береді және өтінішті реттейді. Алдағы уақытта бұл тәжірибе барлық қалалық емханаға енгізіледі деп жоспарланып отыр.
«Алматы медицинаны неғұрлым дәл, қауіпсіз әрі қолжетімді ететін технологияларды енгізіп келеді», — деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Әбдірахым.
Сонымен қатар, қалалық кардиология орталығы базасында алғаш рет қалалық деңгейде жүрек трансплантациясы бойынша ота жасалуға дайындық жүргізіліп жатыр.
Кадрлық әлеуетке ерекше көңіл бөлінуде. Алматы әкімінің орынбасарының айтуынша, жыл сайын қаланың медициналық мекемелеріне 400 жас маман жұмысқа келеді, олар баспанамен және әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз етіледі. Сұраныс жоғары бағыттар бойынша 124 дәрігер резидентураға жіберілген.
