Жалған ақпарат таратқан блогер жауапқа тартылды

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу электр орталығында болған жарылысқа қатысты жалған ақпарат таратқан блогерге айыппұл салынды.

Есте болса, былтыр 21 желтоқсанда Риддер жылу орталығында газ-ауа қоспасы жарылып, 6 адам зардап шеккен болатын. Осы оқиғаға қатысты блогер әлеуметтік желідегі топтардың бірінде орталықта ірі апат болғаны жайлы жалған ақпарат таратқан. Облыстық соттың мәліметінше, бұл қоғам арасында дүрбелең тудырған. Сондықтан сот топты жүргізіп отырған блогерді әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулы шығарған. Оған ҚР ӘҚБтК-нің 456-2-бабының 3-бөлігіне сәйкес 20 АЕК көлемінде айыппұл салыныпты.

Қолданыстағы заңда жалған ақпарат таратқан жеке тұлғаларға – 20 АЕК, шағын бизнес және коммерциялық емес ұйымдар үшін – 30 АЕК, орта бизнес үшін – 50 АЕК, ірі кәсіпорындар үшін – 100 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған.

Related posts

Жамбы атудан жарап тұрмыз

editor

«Қайрат» пен «Интердің» ойынына билеттер сатылымға шықты: бағасы Алматыдағы матчтардан төмен

Назия Жоямергенқызы

Top 10 Budget-Friendly Vacation Destinations, Including Venice!

ttjk