Жаңартудан кейін жұмыс орнының саны 100-ден 160-қа дейін көбейеді

*Алматыдағы «Тигрохауд» базары жаңғыртылған соң сатушылар мен сатып алушыларға қолайлы жағдай жасалады*

*Алматыдағы «Тигрохауд» базары жаңғыртылған соң жұмыс орны көбейеді*

Жұмыс сапары және халықпен есептік кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев қаланың Әуезов ауданындағы «Тигрохауд» базарын жаңғырту барысымен танысты.

Жаңғырту аясында сатушылар үшін де, сатып алушылар үшін де қолайлы жағдай жасалады. Қазір болашақ екі қабатты сауда орталығының іргетасы құйылып жатыр.

Жоспарға сәйкес, сауда нысанына баратын жолдарға асфальт бетон, ал кіреберістер, алаңдар мен жолдарға тротуар плитасы төселеді. Жобада 40 көлікке арналған тұрақ қарастырылған. Сондай-ақ, заманауи желдету, ауаны баптау және жарықтандыру жүйелерін орнату, санитарлық тораптарға қолжетімділікті қамтамасыз ету, демалыс аймақтарын жайластыру жоспарлануда. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2024 жылдың сәуір айында басталды. Ол 2025 жылдың қазан айында аяқталады.

Аралау барысында қала басшысы Ерболат Досаев іргелес аумақты абаттандыру мен көгалдандыруды сапалы орындау маңызды екенін атап өтіп, Әуезов ауданының әкіміне құрылыс жұмыстарының әрбір кезеңінің орындалуын бақылауға алуды тапсырды.

Әкім полицентристік даму аясында халық осындай сауда кешендеріне қол жеткізуі тиіс екенін атап өтті.

«Тигрохауд» фирмасы» ЖШС Бас директоры Жанар Құрабаева қала әкімдігіне алғыс айтып, әкімнің сауда орталығының шатырын пайдалану жөніндегі ұсынысы жаңғырту жобасында жүзеге асатынын атады.

«Тигрохауд» базары 1992 жылы салынған. Құрылыс салынған соң жөндеу жұмыстары тек 2000 жылы жүргізілді.

Базарды жаңғырту бағдарламасы аясында контейнерлер өртке қарсы, санитарлық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетіндей қолайлы жағдай жасалып, заманауи ғимаратқа ауыстырылады.

Жобаға салынған жеке инвестицияның жалпы сомасы 2,4 млрд. теңгеден асады.

Айта кететін нәрсе, бүгінде Алматыда сауда қызметін реттеу туралы заңға сәйкес 33 базар жаңғыртылды, тағы 9-ы 2025 жылға дейін жаңғыртудан өтеді.

Related posts

Еліміздің солтүстік өңіріндегі халық саны 30 пайызға дейін азаюы мүмкін

editor

TÜRKİYE’S MOST BEAUTIFUL BEACHES

ttjk

COVID-19: дәрігерлік кеңестер

ttjk