Жаңа өнімнен 6,4 млн тонна астық экспортталды

«Қазақстан темір жолы» компаниясының мәліметінше, 2025 жылдың қыркүйегінен 19 ақпанға дейін сыртқы нарықтарға жаңа өнімнен 6,4 млн тонна астық экспортталған. Бұл өткен маркетингтік жылдың (2024/2025 МЖ) сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,7%-ға артық. Ол кезде жеткізілім көлемі 5,4 млн тоннаны құраған.

Өсім Орталық Азия елдеріндегі дәстүрлі өткізу нарықтарымен және одан тыс елдермен сауданың жандануына байланысты қамтамасыз етілді.

Өзбекстанға жеткізілім көлемі айтарлықтай ұлғайып, 46%-ға артты, яғни, 2 млн тоннадан 3 млн тоннаға дейін. Қырғызстанға экспорт 1,7 есеге көбейіп, 104 мың тоннадан 180 мың тоннаға жетті, ал Ауғанстанға 1,9 есеге өсіп, 236 мың тоннадан 466 мың тоннаға дейін ұлғайды.

Экспорттың қарқынды өсуі қазақстандық астыққа деген жоғары сұранысты және отандық өнімнің сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді.

Related posts

Келер жылы әскер қатарына 41 706 азамат шақырылады

editor

УНИВЕРСИТЕТ КАЗГЮУ ПЛАНИРУЕТ СОЗДАНИЕ НОВОГО ВУЗА В УЗБЕКИСТАНЕ

ttjk

Объявлен календарь соревнований ТЕКНОФЕСТ-2023

ttjk