Жаңа ипотека басталады

Биыл 17 наурыз күні елімізде «Наурыз жұмыскер» атты жаңа ипотека басталады. Оның операторы «Отбасы банк» болады және ол бұған дейінгі «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасының бір бөлігі болмақ.

Бағдарлама өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және су ресурстары салаларында жұмыс істейтін қарапайым қызметкерлерді баспанамен қамтамасыз етуге бағытталады. «Биыл «Наурыз жұмыскер» бағдарламасы аясында жұмысшы мамандықтары өкілдеріне 72 млрд теңге көлемінде 2 440 несие беру жоспарланып отыр. Өтінімдер 2025 жылдың 17 наурызында қабылдана бастайды»,  деп хабарлады үкімет.

Бағдарлама талаптарына сәйкес азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін 7% және қалған барлық санаттар үшін 9% мөлшерлемемен несие беріледі. Толық дайын үй алу үшін үй бағасының 10 пайызын, ал, іші дайын емес жаңа үйлер мен екінші нарықтағы үйлерді алу үшін баспана бағасының 20 пайызын бастапқы жарна ретінде төлеу қажет болады. Облыстарда бір адам 30 млн теңге, Астана мен Алматы қалаларында 36 млн теңгеге дейін ипотека алу мүмкіндігі қарастырылады.

Related posts

Елордада ҰҚШҰ елдері басшыларының саммиті өтеді

editor

ӨЗБЕКСТАНДА ЖАҢА УНИВЕРСИТЕТ АШЫЛАДЫ

ttjk

В университете Аль-Фараби прошла III Международная Зимняя PR-школа

ttjk