ЗАМАНАУИ ҚҰРЫЛҒЫМЕН ЖАБДЫҚТАЛДЫ

15 мамыр күні Қазақстанда тұңғыш рет жамбас бұлшықеттеріне арналған бірегей көпфункционалды Авантрон аппаратын ресми іске қосу шарасы  өтті.

Б.О.Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығына көпфункционалды бірегей экстракорпоральді магниттік ширықтыру (ЭМШ) жамбас бұлшықеттеріне арналған аппарат – АВАНТРОН әкелінді. Енді ол жамбас бұлшықеттерін емдеу үшін ғылыми орталық пациенттеріне қолжетімді!

Бұл жүйе пациенттер үшін өте қолайлы, өйткені  терапия барысында арнайы медициналық құралдарды (пластырь, гель, контакт, зонд) қажет етпейді.

Алғаш рет экстракорпоральді магниттік ширықтыру аппараты АҚШ-та пайда болған. Қазіргі таңда әлемнің 47 мемлекеті бұл аппаратты қолданысқа енгізді. Еліміз бойынша бұл аппарат тек Б.О Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығында ғана бар.

3 миллионнан астам науқас бұл аппараттың жоғары  тиімділігімен қоса қауіпсіз әрі ауырсынусыз жүзеге асатынына  емнің нәтижесінде көз жеткізді.

КӨРСЕТКІШТЕРІ:

Ер адамдарда:

  • Созылмалы жамбас ауруы;
  • Уақыттан бұрынғы эякуляция;
  • Эректильді дисфункция (белсіздік);
  • Жалпы простатэктомия операциясынан кейінгі оңалту.

Әйел адамдарда:

  • Зәр ұсталмауы;
  • Әйелдердің жыныстық дисфункциясы;
  • Аноргазмия;
  • Гинекологиялық дерттерде (созылмалы эндометрит, жатырішілік синехиялар, жүктілік кезіндегі қиындықтар, жатырдың гипоплазиясы, сәтсіз ЭКҰ (ЭКО), операциядан кейінгі жамбас астауындағы спайкалық асқынулар).

Минимальді қарсы көрсеткіштер:

  • қатерлі ісіктер;
  • Дене температурасының шамадан тыс көтерілуі (лихорадка);
  • Жүйелі аурулар;
  • Отаны қажет ететін дерттер.

ТЕРАПИЯЛЫҚ ӘСЕР 1 ЖЫЛ КӨЛЕМІНДЕ САҚТАЛАДЫ

Шарафаддин Мұхаммедұлы Азизов Б.О Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығының клиникалық істер бойынша орынбасары:

«Электромагнитті импульстар жамбас бұлшықеттерінің кезекті тартылуы мен босаңсуына, сондай-ақ тоқішек, қуық, жатыр, қуықасты безіне тікелей әсер етеді. Нәтижесінде қан айналым жақсарып, іркілістің жойылуы мен бұлшықеттің жаттығуына септігін тигізеді. Емдік шара 20-30 минуттай болады.»

2. Слямқұлов Досжан Танабекұлы Б.О Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығының уролог-дәрігері

«Сондай-ақ, Авантрон аппаратының балаларға да пайдасы зор. Балалардың өздігінен отыра алатын 3-4 жасынан бастап іш қату, зәр ұсталмауы (энурез), үлкен дәреттің ұсталмауы (энкопрез) секілді түрлі жамбас  аурулары кезінде  емдейтін таптырмас аппарат.»

 

Баспасөз қызметі : +7 727 222 15 15, +7 702 173 73 92 (Айғаным).

Related posts

ТУҒАН КҮН – ЕРЕКШЕ МЕРЕКЕ

ttjk

«ӘЛЕУМЕТ – ҚОҒАМ АЙНАСЫ»-2023 ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ

Назия Жоямергенқызы

Түркиямен серіктестік: кондитер фабрикасы ашылды

ttjk