«Заң және тәртіп»: гендерлік теңдік пен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі ашық кездесу

 

Жоғары гуманитарлық-заң және техникалық колледжде «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Шараның негізгі мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, гендерлік теңдік қағидаларын нығайту және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділік қалыптастыру.

Кездесуге студенттер, оқытушылар және арнайы шақырылған мамандар қатысып, азаматтардың құқықтарын қорғаудың заманауи тетіктері мен мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шаралары жан-жақты түсіндірілді. Қатысушыларға қолданыстағы заң нормалары, көмек көрсету қызметтері, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу тетіктері және құқықтық көмекке жүгіну тәртібі туралы толық ақпарат берілді.

Шара барысында білім беру ұйымдарының құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы және зорлық-зомбылықсыз, өзара құрметке негізделген орта құрудағы рөлі ерекше атап өтілді. Сарапшылардың айтуынша, жастар – қоғамдағы оң өзгерістердің басты қозғаушы күші, сондықтан олардың құқықтық жауапкершілігін арттыру аса маңызды.

Кездесу ашық диалог форматында өтті. Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жағдайларға қатысты пікір алмасты және мамандардан практикалық кеңестер алды. Бұл формат қатысушыларға тек ақпарат алып қана қоймай, өз құқықтарын қорғаудағы жауапкершілікті түсінуге мүмкіндік берді.

Шараның қорытындысында студенттердің «заң және тәртіп» қағидаттарын түсіну деңгейі артып, құқықтық мәдениетті нығайтуға, гендерлік теңдік пен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелеріне деген көзқарасы тереңдей түсті.

Related posts

«РОЛЬ ВОЕННЫХ СМИ В ПОПУЛЯРИЗАЦИИ КАЗАХСТАНСКОГО ПАТРИОТИЗМА»

ttjk

Sayın Ersin Tatar Azerbaycan-Kıbrıs Dostluk Cemiyeti’ni ziyaret etti

Жұмыскерлердің құқығын қорғау күшейтіледі

editor