Заң мен тәртіп аясында: Сарыарқа ауданындағы есірткіге қарсы жүйелі жұмыс

Адам жанын айғыздайтын қасіреттер көп, бірақ есірткінің салған жарасы — бәрінен ащы. Бірлігі бекем қазақ қоғамы үшін есірткінің әлегі «бір адамның ғана трагедиясы» болып қалған емес. Өйткені, адам бойында қайрат пен мақсат орнына тәуелділіктің әлсіз ізі пайда болғанда, қоғам да өз болмысынан алыстай бастайды. Сөйлеген сөздің, айтқан ойдың, жасаған қадамның салмағы жеңілдеп, жауапкершілік сезімі көмескіленсе, ертеңге сенім де азаяды.

Астана қаласы, Сарыарқа ауданы әкімдігі ұстанымын күйзелтіп, қоғам демін тарылтатын  осы дерттің алдын алып, себебі мен салдарын түбімен жоқ қылмаққа ауқымды іс-шаралар өткізіп келеді.

Есіркіден ада орта қалыптастыру жолында «Заң және Тәртіп», «Астана – есірткісіз қала» жобалары аясында Сарыарқа ауданының прокуратурасы мен аудандық полиция басқармасы бірлесіп қала ішіндегі тұрғындар массивтерін аралады. Мұндағы мақсат — жасырын нарколабораториялар мен есірткі қойып кететін тұлғалардың алдын алу, тұрғындарға қоғам дертімен дұрыс күрес жүргізу шарттарын түсіндіру.

Дамир ХИСМАТУЛЛИН, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы әкімі аппарат басшысы:

– «Заң және тәртіп» жобасы аясында біз есірткі заттарының таралуына жол бермеу бойынша түсіндіру және профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп отырмыз. Халыққа ақпарат жеткізу, тұрғындарды хабардар ету, күдікті фактілерді дер кезінде хабарлау — бұл бағыттағы негізгі іс-шараларымыздың бірі. Біз уәкілетті органдармен бірлесіп, ықтимал есірткі зертханалары мен притондардың орналасу орындарын қадағалаймыз және қажетті тексерулерді жүргіземіз. Сонымен қатар, тұрғындарға есірткі заттарының белгілері мен қауіптілігін түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, азаматтардың белсенділігі мен жауапкершілігі — ерекше маңызды.

Құзырлы органдардың өнімді еңбегінің арқасында жы басынан бері Сарыарқа ауданында 400-ден астам есірткіге қатысты қылмыстық іс тіркелген.  Астана қаласы, Сарыарқа ауданы прокуратурассының аға бөлім прокуроры Бекболат Мұрат пен бөлім прокуроры Бақытжан Көшімхан бастаған құзырлы органдардың өкілдері аязды күнге қарамастан әр үйдің есігін қағып, есірткіге қатысты қылмыстардың алдын алу үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, нұсқаулық көрсетілген брошюраларды үлестірді.

“Тұрғындар массивтеріндегі камерасы жоқ, қараңғы көшелер мен жеке үйлердегі аулалар осындай қылмыстардың негізгі ошағы болып отыр” дейді мамандар. Барлау барысында өздері тап болған қылмыс сценарийлерін де атап өтті. Мәселен, есірткі оралған пакетке магнит жабыстырып, жеке үйлердің темір қоршаулы аулаларға бекітіп кететін көрінеді. Күн сайынғы барлау жұмыстары үстінде осы сынды бірнеше бүркеулі істердің беті ашылған.

Қайырбек АСЫЛБЕКОВ, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы Прокуроры орынбасары:

– «Заң және тәртіп» жобасы аясында біз есірткі таралуының хабардарлығын алдын алу және арттыруға, халықтың барытталған профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын күшейтіп жүргізудеміз.

Ағымдағы жылы Сарыарқа ауданы аумағында 400-ден астам есірткі қылмыстары тіркелді, оның ішінде есірткі құралдарын сақтау, өткізу және контрабанда фактілері бар. Бұл статистика бірлескен жұмыстың аса өзекті екенін көрсетеді. Уәкілетті органдармен бірлесіп, біз саяжай алқаптары, энергетикалық аймақтар, жылыжайлар, қараусыз қалған ғимараттар және өзге де ықтимал есірткі зертханалары орналасуы мүмкін аумақтарда кеңейтілген тексеру жүргізудеміз. Аталған орындар құқық қорғау органдарының ерекше бақылауында. Сонымен қатар, біз тұрғындармен түсіндіру жүргізіп, мүмкін болатын есірткі притондары мен зертханаларының белгілері туралы ақпарат береміз және күдікті тұлғалар, ғимараттар мен ерекше істер туралы дер кезінде хабарлаудың маңыздылығын еске саламыз. Азаматтардың белсенді қатысуы есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрестегі негізгі факторлардың бірі. Біздің ортақ міндетіміз — қауіпсіздікті қамтамасыз ету және есірткі құралдарының таралуына жол бермеу!

Заңды белшесінен басатын астыртын істерді әшкерелеуде иісшіл иттің көмегі — орасан. Наркологиялық өнімнің иісін қашықтан сезіп, белгі беретін ақылды жануарды үйрету жұмыстарымен айналысатын кинолог мамандар да осы рейдтен табылды. Мысалы, «Байтал» атты рокфеллер иті осы күнге дейін адам таба алмайтын, есірткі пакетін мұқият жасырып, пайдаға асырмақ болған тұлғаларды құрықтауға себепкер болған.

Астана қаласы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы хабарлайды!

Егер сізге тыйым салынған заттарды сақтау/сату фактілері, сондай-ақ оған қатысы бар тұлғалар туралы фактілер мәлім болса, сіз сенім телефонына 8-777-771-63-93 (тәулік бойы) немесе 102 нөміріне хабарлай аласыз.

ПДО 7 (7172) 54-76-03 дағдарыс бөлімінің сенім телефоны.

Анонимді қоңырау болатынына кепілдік беріледі.

Біз бірге есірткісіз Қазақстанның болашағын құрамыз!

Шаттық СӘДУАҚАС

Related posts

Cuisine | Indulge in Italy’s Best Eats at La Festa Italiana

ttjk

Узбекистан примет 20-ое заседание Конференции сторон CITES в 2025 годуŞ

Назия Жоямергенқызы

Turkey has launched “Healthy Tourism Certification” Program

ttjk