Әуежайларда биометриялық тексеріс орнатылады 

Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров келесі жылдан бастап еліміздің

Ол бұл туралы  Digital Transport Day шарасында айтты. Оның айтуынша, келесі жылдан бастап Азаматтық авиация саласында биометрия енгізуді жоспарланып отыр. «Қажетті жабдықтар қазірдің өзінде сатып алынған, олардың іске қосылуы және реттелуі жүріп жатыр. Кейін біз оны eGov бағдарламасымен біріктіретін боламыз. Биометрия арқылы, яғни саусақ іздері мен көз торын пайдаланып, тексеру аймағынан өтеміз. Біз бұл жүйені 2024 жылдың соңына дейін енгізуді жоспарлаған едік, бірақ жабдықтарды жеткізу кешігуіне байланысты 2025 жылдың алғашқы жартысына ауыстырып отырмыз. Бұл жүйе жолаушылар үшін жасалған. Егер сіз рейске онлайн тіркелген болсаңыз, содан кейін тексеруді құжат арқылы ма әлде биометрия арқылы ма — өзіңіз таңдайсыз. Арнайы құрылғыға жақындап, көз торыңызды немесе саусағыңызды сканерлейсіз, ол сіздің жеке басыңызды растап, тексеруден өтесіз», деді министр орынбасары.

Оның сөзіне сенсек, биометрия рәсімі ұшу алдында жеке куәлікті көрсетудің баламасы болады. Сонымен қатар жеке мәліметтерге қолжетімділік тек eGov-арқылы жүзеге асады. Бұл банкке барғандағы секілді жеке деректерді өңдеуге келісіміңізбен расталады.

Айта кетсек, Көлік министрлігі бұған дейін елдегі барлық әуежайларда жолаушылардың биометриясын тексеруді енгізу жоспарын хабарлаған болатын. Биыл биометрия пилоттық жоба ретінде Астана әуежайында енгізілді. Егер бұл тәжірибе сәтті өтсе, жоба Қазақстанның барлық әуежайларында жалғасатыны айтылған болатын.

Related posts

Түркиядағы теңіздерде серфингтік шытырман оқиғалар күтеді.

Назия Жоямергенқызы

Итоги финальных этапов Кубка Мира FIS по фристайлу в дисциплинах «могул», «параллельный могул» и «лыжная акробатика»

ttjk

Алматыда 2023 жылы салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша жоспар асыра орындалды

Назия Жоямергенқызы