Троллейбус қозғалысы тоқтатылады

Алматыда Almaty Marathon өткізілуіне байланысты қоғамдық көліктің қозғалыс схемасы өзгереді.

Алматыда 29 қыркүйекте Almaty Marathon өтеді. Осыған байланысты 6:00-ден 12:30-ға дейін 74 автобус бағытының қозғалыс схемасы өзгереді және троллейбустардың қозғалысы тоқтатылады.

«29 қыркүйекте 6:20-дан 12:30-ға дейін марафон маршруты бойымен көлік қозғалысы жартылай жабылады. 28 қыркүйек 6:00-ден 29 қыркүйек 22:00-ге дейін Желтоқсан көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі аралықтағы Сәтбаев көшесі жабылады», делінген хабарламада.

29 қыркүйек:

  • Назарбаев даңғылы бойымен Сәтбаев көшесінен Әл-Фараби даңғылына дейінгі қозғалыс 6:25-тен 09:35-ке дейін толығымен жабылады. Достық даңғылымен екі бағытқа балама жол қозғалысы.
  • Әл-Фараби даңғылы бойынша Назарбаев даңғылынан Шашкин көшесіне дейінгі қозғалыс іс-шара күні сағат 6:30-дан 9:45-ке дейін ішінара жабылады. Әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағы автокөліктің өтуі үшін ашық болады. Батыс бағытта балама жол қозғалысы Төле би көшесі мен Абай даңғылында жүзеге асырылады.
  • Шашкин көшесінен Саин көшесіне дейін батыс бағытта әл-Фараби даңғылының бойымен қозғалыс ішінара 6:35-тен 10:15-ке дейін жабылады, көшенің оңтүстік жағы көлік қозғалысы үшін ашық болады. Абай даңғылымен шығыс бағытта балама жол қозғалысы.
  • Саин көшесі бойымен әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі солтүстік бағытта қозғалыс таңғы 7:00-ден 11:00-ге дейін жабылады, көшенің батыс жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады. Бауыржан Момышұлы көшесі бойынша солтүстік бағытта балама жол қозғалысы.
  • Абай даңғылының шығыс бағытындағы Саин көшесінен Розыбакиев көшесіне дейінгі қозғалыс таңғы 7:10-нан 11:30-ға дейін жабылады, даңғылдың солтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады. Шығыс бағытта әл-Фараби даңғылы, Төле би көшесі, Құрманғазы көшесі, Қабанбай батыр көшесі бойынша балама қозғалыспен жүруге болады.
  • Абай даңғылындағы Розыбакиев көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі қозғалыс таңғы 7:20-дан 12:00-ге дейін толығымен жабылады. Әл-Фараби даңғылы бойынша балама жол жүру.
  • Байтұрсынов көшесі бойынша Абай даңғылынан Сәтпаев көшесіне дейінгі қозғалыс 7:30-дан 12:15-ке дейін толығымен жабылады.
  • Сәтбаев көшесі бойынша шығыс бағытта Байтұрсынов көшесінен Желтоқсан көшесіне дейінгі қозғалыс 7:40-тан 12:30-ға дейін толығымен жабылады. Батыс бағытта Абай даңғылымен, шығыс бағытта Төле би көшесімен балама жол қозғалысы.
  • Шашкин көшесі бойынша әл-Фараби даңғылынан Тимирязев көшесіне дейінгі қозғалыс 7:30-дан 08:05-ке дейін толығымен жабылады. Марков көшесі бойынша балама жол қозғалысы.
  • Тимирязев көшесі бойынша Шашкин көшесінен Байзақов көшесіне дейінгі қозғалыс 7:30-дан 08:15-ке дейін толығымен жабылады. Батыс бағытта Абай даңғылымен, шығыс бағытта әл-Фараби даңғылымен балама жол қозғалысы.
  • Байзақов көшесі бойынша Тимирязев көшесінен Құрманғазы көшесіне дейінгі қозғалыс ішінара 7:35-тен 08:50-ге дейін жабылады. Әуезов көшесі бойынша солтүстік бағытта, Манас көшесі бойынша оңтүстік бағытта балама жол қозғалсы.
  • Құрманғазы көшесі бойынша Байзақов көшесінен Байсетов көшесіне дейінгі қозғалыс ішінара 7:40-тан 08:10-ға дейін жабылады. Төле би көшесі бойынша шығыс бағытта балама жол қозғалысы.
  • Абылай хан даңғылы бойынша Құрманғазы көшесінен Абай даңғылына дейінгі қозғалыс ішінара 7:45-тен 09:15-ке дейін жабылады. Қонаев көшесі бойынша солтүстік бағытта, Достық көшесі бойынша оңтүстік бағытта балама жол қозғалысы.
  • Желтоқсан көшесі бойынша Абай даңғылынан Сәтпаев көшесіне дейінгі қозғалыс ішінара 7:50-ден 09:20-ға дейін жабылады. Достық көшесі бойынша балама жол қозғалысы.

Related posts

Мемлекет басшысы Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаевты қабылдады

ttjk

Алматыда 2023 жылы салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша жоспар асыра орындалды

Назия Жоямергенқызы

Халықтың жайын ойлаған кәсіпкерлікті қолдаған

editor