Трамп пен Путиннің келіссөзі өтуі мүмкін

Былтыр АҚШ президенттік сайлауында жеңіске жеткен Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путинмен келіссөздер туралы айтқан болатын.
Ал Трамп кеше  Fox News арнасында Мар-а-Лагодағы (Флорида) резиденциясында сөйлеген сөзінде Ресей президентімен кездесуге дайындық туралы хабарлады. «Путин менімен кездесуді қалайды, біз оны ұйымдастырып жатырмыз. Ол (Ресей Президенті) бұл туралы тіпті көпшілік алдында мәлімдеді», деді Дональд Трамп Республикалық губернаторлармен кездесу алдында.
Айта кетейік, былтыр қарашада  БАҚ Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлесіп, Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешуді талқылағанын жазған. Алайда Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков екі президенттің сөйлескені туралы ақпаратты жоққа шығарды. Ол сайлауда жеңіске жеткен Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамптың арасындағы байланыстардың нақты жоспары әзірге жоқ деген мәлімет айтты. Кремль сайтында Владимир Путиннің Дональд Трамппен соңғы телефон сөйлесуі осыдан бес жыл бұрын шілдеде болғаны жазылған екен.

Related posts

İstanbul is ready for the famous tulip season

ttjk

Приглашение акима области Абай Берика Уали на инвестиционный форум «Туған жерге туыңды тік»

Назия Жоямергенқызы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституция күнімен құттықтауы