ТИІМДІ СЕРІКТЕСТІК

«SAP Қазақстан» ЖСҚ мен Еуразиялық Топ (ERG) арасында ниет шартына қол қойылды. Тараптар интеллектуалды кәсіпорын құру саласындағы ынтымақтастықты жалғастырмақ. Жаңа жоба SAP инновациялық технологиялары негізінде техникалық қамтамасыз етуді және өндірістік құрал-жабдық сенімділігін басқаруға бағытталады. ERG бұл тектес жобаны қолға алған ТМД-дағы алғашқы компаниялардың бірі болмақ. Меморандумға «Business and Technology Services» ЖШС (ERG құрамындаі) бас директоры Андрей Антоников пен SAP Қазақстан басқарушы директоры Евгений Теремов қол қойды.

ERG – табиғи ресурстарды өндіру және өңдеу саласындағы әртараптандырылған компания, оның құрамына республиканың ең ірі тау-кен металлургия кәсіпорындары кіреді. Компаниялар тобы алғашқылардың бірі болып Қазақстанда цифрлық трансформация жобасын қолға алды. SAP ERP-ді енгізу мен оны өндірістік процестерді басқару жүйелерімен интеграциялау бірыңғай ақпараттық кеңістікті құруға мүмкіндік берді. Бұл өз кезегінде барлық бизнес процестерді бақылау мен қадағалауға, сонымен қатар жаңа активтерді тез арада қосуға септігін тигізді.

SAP негізінде қызмет көрсету стратегиясы мен құрал-жабдық өнімділігін басқарудың жаңа жүйесін енгізу нақты уақыт режимінде барлық кәсіпорындардағы қызмет көрсету мен жөндеуді басқаруға, көпдеңгейлі сараптама негізінде ресурстарды нақты жоспарлауға және тиімді үлестіруге, жөндеу мен сатып алу шығындарын оңтайландыруға мүмкіндік береді. Индустрия 4.0 қағидаларына негізделген мұндай әдіс бизнес тиімділігін арттыруға және ERG компаниялар тобының әлемдік және жергілікті нарықтағы көшбасшылығын нығайтуға жағдай жасайды.

«Цифрлық трансформация компаниялар алдында жаңа мақсаттар қояды, ал заманауи технологиялар сол мақсаттарға жету ішін бірегей мүмкіндіктер туғызады. SAP-пен ынтымақтасқан ERG компаниясы бәсекелестік әлеуетін күшейтіп, 4.0 Индустрия қағидаларының негізінде активтерді басқарудың үздік салалық тәжірибелерін қалыптастырады. Нарықтың жаңа талаптары мен барлық қолданушылардың қажеттіліктерін ескерсек, бұның барлығы энергетика саласының дамуы үшін аса маңызды», – деді Еуразиялық Топтың басқарма төрағасы Серік Шахажанов.

«Интеллектуалды кәсіпорын құрудағы жүйелік әдіс пен инновацияларға деген оң көзқарас SAP пен ERG компанияларын бір арнаға тоғыстырады. Меморандумда бекітілген бұл бағытты ары қарай дамытудың бірлескен стратегиясы ТМД мен басқа да мемлекеттерде тау-кен металлургия салаларын үздік тәжірибелер мен тиімді технологиялар негізінде кеңкөлемді цифрлық трансформациядан өткізуге бағытталған», – деді SAP Қазақстан басқарушы директоры Евгений Теремов.
SAP компаниясы туралы:

SAP – корпоративті қосымшалар нарығындағы әлемдік көшбасшы. Компанияның шешімдері мен сервистерін 180 елдегі 413 мыңнан аса клиент қолданады. 1992 жылы Мәскеуде SAP SE кеңсесі ашылды, қазіргі таңда SAP CIS қызметкерлерінің саны 1300-ге тарта адамнан тұрады.

Компания ТМД-ның барлық елдерінде қызмет етеді. 2012 жылы Мәскеуде SAP Labs зерттеулер мен әзірлеу орталығы ашылды. Қазіргі таңда Санкт-Петербургте аталмыш орталықтың бөлімшесі бар.

SAP – мәліметтерді өңдеу орталығы Ресейде орналасқан бірден-бір халықаралық әзірлеуші. Компания орталықтың қуаттылығын үнемі арттырып отырады.

27 жылдан бері SAP инновациялық шешімдер арқылы отандық компанияларға бизнесті түрлендіру мен оңтайландыруға көмектеседі. 2018 жылдың шілде айында Мәскеуде SAP Цифрлық көшбасшылық орталығы ашылды. Бұл іс-шараларды өткізу, жаңа технологиялық шешімдерді, клиентер және серіктестермен бірлесіп жасаған әзірлемелерді көрсетуге арналған инновациялық хаб.

Компания оқытуға қаржы құюда, сол арқылы мамандардың біліктілік деңгейі артып, экожүйе сараптамасы дамып келеді. Ресейдің 60-тан аса ЖОО-на SAP бағдарламалық жасақтамасын тегін пайдалану мүмкіндігі берілген. 2017 жылдан бері студенттер мен жас ІТ-мамандар үшін 12 SAP Next–Gen Lab инновациялық орталығы ашылған.

Толық ақпаратты www.sap.com мен www.sap.ru сайттарынын алуға болады.

SAP компаниясының Ресейдегі қызметі бойынша Татьяна Звереваға (tatiana.zvereva@sap.com), ТМД елдері бойынша Дарья Герасимоваға (daria.gerasimova@sap.com) хабарласыңыз.

Қосымша ақпарат қажет болса немесе біздің хабарламалардан бас тартқыңыз келсе, sap@ag-loyalty.comэл. поштасына жазыңыз.

EURASIAN RESOURCES GROUP ТУРАЛЫ

Eurasian Resources Group (ERG) табиғи ресурстарды өндіру және өңдеу саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі әрі мейлінше әртараптандырылған компания. ERG толығымен интеграцияланған энергетикалық, көліктік және маркетингтік операцияларды жүзеге асырады. Топ 4 құрлықтағы 15 мемлекетте қызмет етеді әрі саладағы ең ірі жұмыс беруші болып табылады. 2019 жылы Eurasian Resources Group 25-жылдық мерейтойын атап өтеді, ал компанияның Люксембургтегі бас кеңсесіне 5 жыл толмақ.
ERG – құрамындағы хромына қарай жоғары көмірсутекті феррохром өндірісі бойынша әлемдегі көшбасшы және Еуразия аймағында темір кені және алюминий өнімдерімен қамтамасыз ететін ең ірі компаниялардың бірі. Бұл Қазақстандағы жоғары сапалы алюминий өндіретін жалғыз кәсіпорын. Сонымен қатар Топ — мыс пен кобальт өндіретін негізгі компаниялардың бірі.
ERG – Қазақстан Республикасының тау-кен-металлургия кешенінің үштен бір бөлігі, бұған қоса электр энергиясын өндіретін негізгі компаниялардың бірі әрі Орталық Азиядағы ірі теміржол операторы. «Казхром» ТҰК, «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі», «Қазақстан алюминиі», «Қазақстан электролиз зауыты», «Еуразиялық энергетикалық корпорация», «Шұбаркөл көмір», «ТрансКом» көлік тобы, «3-Энергоорталық» пен ERG Service сынды Топтың маңызды кәсіпорындары Қазақстанда орналасқан.
Конго Демократиялық Республикасында орналасқан Boss Mining, Frontier және Comide кәсіпорындарында ERG мыс және кобальт кендерін өндіріп, өңдеуден өткізеді. Бұл елде басқа да дамып жатқан, аяқталуға жақын жобалар бар, соның ішінде Metalkol Roan Tailings Reclamation (RTR) жобасын атап өтуге болады.
ERG-дің Chambishi Metals PLC мыс қорыту зауыты — Замбиядағы жетекші кәсіпорындардың бірі. Бұл әлемдегі ірі өндірушілердің бірі және Лондон металдар биржасында сатылатын мыс пен кобальт өндіретін жалғыз компания.
Сонымен қатар компанияның көмір, марганец, платина, боксит пен флюорит өндіретін жобалары бар. Бұлар Африканың әртүрлі мемлекеттерінде орналасқан, соның ішінде Оңтүстік Африка Республикасы, Зимбабве, Мали мен Мозамбик бар.
ERG Бразилияда Pedra de Ferro жобасын дамытуда. Бұл жылына 20 млн тонна темір кенін беретін өндіру және логистика кешені.
ERG – Жаһандық альянстың аккумуляторлық батареялар секторы бойынша серіктес-құрылтайшысы. Аталмыш ұйым Дүниежүзілік экономикалық форум платформасында құрылған, электромобильдер мен гаджеттердің тез дамитын салалары үшін құн қою тізбегінде тұрақты, жауапты және инклюзивті даму тәжірибелерін енгізумен айналысады.

Related posts

ҚАЗАҚСТАНДА ҚАРЖЫЛЫҚ АЛАЯҚТЫҚТЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ШЫҚТЫ

ttjk

АТЫРАУДАҒЫ ЖУРНАЛИСТЕР СЕМИНАРЫ фоторепортаж

Назия Жоямергенқызы

АҚПАРАТ МИНИСТРІ – ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕ