Темірлан Анарбековтің “Интерге” қарсы ойындағы әсерлі сейві УЕФА-ның үздік сәттері қатарына енді

Қазақстандық қақпашы Темірлан Анарбековтің “Интерге” қарсы кездесуде көрсеткен шеберлігі Еуропа футбол қауымдастығының (УЕФА) назарынан тыс қалмады. Халықаралық ұйым алматылық қақпашының керемет сейвін аптаның ең қызықты сәттерінің бірі ретінде атап өтті.


УЕФА Анарбековтің сейвін үздік сәттердің бірі деп таныды

Миландық клубқа қарсы матч кезінде “Қайрат” қақпашысы Лаутаро Мартинестің қауіпті соққысын қайтарып, командасын сенімді сейвімен құтқарды. Бұл эпизод УЕФА-ның ресми парақшасында жарияланып, аптаның үздік сәттер топтамасына енгізілді.

Аталған бейнематериалда Еуропаның өзге де клубтарындағы қақпашылардың әсерлі сейвтері қамтылған. УЕФА жазба авторлары көрермендерден “қай сейв үздік?” деген сауалмен пікір қалдыруды сұрады.


Жанкүйерлердің қолдауы

Пост астында көптеген қазақстандық жанкүйерлер пікір қалдырып, Темірлан Анарбековті ерекше қолдады.

“Анарбеков – the best!”, “Нағыз қақпашы болу үшін батылдық, жылдамдық және жауапкершілік қажет”, “Қайрат қақпасында нағыз сенім бар”, “Қазақстан – алға!” – деп жазды желі қолданушылары.


УЕФА мойындаған алғашқы сәт емес

Айта кетсек, бұл – УЕФА тарапынан Анарбековтің шеберлігі алғаш рет жоғары бағалануы емес. Бұған дейін ұйым “Қайраттың” “Пафосқа” қарсы ойынындағы Темірланның тамаша сейвтерін де үздік сәттер қатарына қосқан болатын.

Ойын нәтижесі

Миланда өткен “Интер” мен “Қайрат” арасындағы кездесу 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Гол авторлары – Лаутаро Мартинес, Карлос Аугусто және “Қайрат” сапынан Офри Арад.

Фото: instagram.com/championsleague

Related posts

PEGAS TOURISTIC SPONSORED THE EXCAVATIONS IN KAZAKHSTAN

Назия Жоямергенқызы

Rami Library, the Largest in İstanbul, Opened

ttjk

«Шеврон» Еуразия бөлімшесінің жаңа Басқарушы директорын тағайындады

ttjk