«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ Halyk Bank серіктестігінде 2025 жылдың 25 шілдесінде Тараз қаласында қазақ журналистер үшін «Halyk»-пен қаржылық сауат» тақырыбына семинар-тренинг өткізді. Аталған семинарға Тараз қаласы мен Жамбыл облысындағы қазақша ақпарат тарататын БАҚ өкілдері қатысты.
Семинар-тренингтің басты мақсаты — БАҚ өкілдерінің кәсіби шеберлігін арттыру.
Түркітілдес журналистер қорының президенті Нәзия Жоямергенқызының айтуынша, аталған жоба қазақ журналистермен қатар Қазақ қоғамының да қаржылық сауатын жетілдіруге сеп болады: «Түркітілдес журналистер қоры 2017 жылдан бері Халық банкімен бірге республикалық «Еркін сөз» байқауын өткізіп келеді. Биыл 9-рет болатын Байқауды ұйымдастыру барысында біз БАҚ өкілдерінің көпшілігі қаржылық сауатын жетілдіруге мүдделі екенін байқадық. Осыған орай, Халық банкінің басшылығына Қазақстанның барлық қаласында қаржылық сауатқа қатысты семинар-тренинг өткізуге ұысыныс білдірдік. Бұл ұсыныстың қолдау тапқанына қуаныштымыз. Өйткені семинарға қатысқан әрбір журналсит өз отбасы, туған-туыстарымен бірге бүкіл Қазақстанның қаржылық сауатын жақсартуға үлес қосады».
Halyk Bank Жамбыл облысы филиалының директоры Олжас Алишев БАҚ өкілдеріне Halyk bank тарапынан жүзеге асырылатын қауіпсіздік шаралары жайлы айтты. Журналистер тарапынан қойылған сұрақтардың басым бөлігі алаяқтар қолындағы жеке мәліметтердің оларға қалай жететіні туралы болды. Бұл сұраққа директор: «Ең бастысы, әрбір азамат өзінің жеке мәліметтеріне ие болуы тиіс. Алаяқтар кімгің есепшотында қанша барын білмейді. Бірақ психологиялық қысым арқылы бар-жоғын анықтап, қаржыңызды түгел сыпырып алудан тайынбайды. Көбінесе алаяқтар «сіздің атыңызға несие рәсімделді», «сізге Банк қызметкері хабарласып тұр», «ақшаңызды арнайы немесе қауіпсіз шотқа аудару қажет», «сіздің ақшаңызды ұрламақшы, күдікті операция тіркелді», «сим-картаңыздың әрекет ету мерзімі аяқталды», «SMS арқылы келген кодты айтып жіберіңіз», «сізге Банктың қауіпсіздік қызметкері хабарласып тұр» деп хабарласады. Мұндайда алаяқтармен сөйлеспеу керек, бірден номерді бұғаттап тастаңыз. Банк картасын онлайн заттар сатып алғанда ешбір жерге сақтап қоймаңыз, номерін ешкімге айтпаңыз. Күмәнді номерлерлен келген сілтемелерді ашпаңыз. Ең бастысы бүгінгі семинарда алған ақпараттарыңызды туған-туыс, жақындарыңызға жеткізіңіздер. Қазір қаржы алаяқтары өте қарқынды жұмыс істеп жатыр. Оларды ұстау да қиын, тіпті, мүмкін емес. Өйткені олардың барлығы дерлік шет мемлекеттерде отырады», — деп жауап берді.
Семинар барысында журналистер медиада жасанды интеллектті пайдалану, кәсіби этика, фотовизуализация: SnapEdit, Canva AI, deepfake және deepware, dата журналистика: Grok, Gemini, «YouTube-2025: жаңа трендтер», монетизация, кіріс көзін диверсификациялау т.б. туралы айтылды. Қатысушылар жасанды интеллект көмегімен авторлық сайт ашып, ниша таңдап, контент қалыптастырды.
Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.
Түркітілдес журналистер қорының Halyk Bank серіктестігіндегі «Halyk-пен қаржылық сауат» жобасы 2024 жылы басталған. Жоба шеңберінде Қазақстанның 6 қаласы: Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Шымкент пен Түркістанда қазақ тілінде ақпарат тарататын БАҚ өкілдеріне қаржылық сауатты арттыруға сеп болатын семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Биыл Орал, Қостанай, Семей, Тараз, Өскемен қалаларында жоспарланған. Семинарға қатысқан журналистер Түркітілдес журналситер қорының Halyk Bank-пен бірге 2017 жылдан бері қаржы тақырыбына өткізіп келе жатқан республикалық «Еркін сөз» байқауына қатыса алады. Байқау жеңімпаздары Алматыда өтетін марапаттау салтанатына шақырылады.
«Түркітілдес журналситер қоры» ҚҚ баспасөз қызметі.