Талғар маңындағы жасөспірімнің жұмбақ өлімі: Баланың ата-анасы әділдікке жете алмай жүр

«Шерзат Полаттың өлімінен кейін қоғам тыс қалған мәселелер ашыла бастады», деп хабарлайды Orda.kz.  Солардың бірі – Талғар маңындағы Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Есік ауылындағы Әймен орта мектебінде оқыған 14 жасар Айболат Мұратханның осыдан 1,5 жыл бұрын кісі қолынан қаза тапқаны және оның ата-анасының әлі күнге дейін әділдікке қол жеткізе алмай жүр.

Шерзат Полаттың өлімінен соң Талғар мен Еңбекшіқазақ аудандарындағы мектептерге Президент әкімшілігінен тексеріс келетіні жайлы ақпарат жеткен. Оқиғаның мән-жайы мен Президент әкімшілігінің қандай мақсатта келе жатқанын білу үшін редакция тілшілері Шерзат Полат оқыған Азат 1 мектебіне барған.

Басында тілшілерді көз жұмған бала білім алған мекеме ішке кіргізбеген. Оқушылар мен ұстаздарды әңгімеге тартуға тырысқанымен, ешкім ештеңе айтпайды. Алайда  кісі қолынан қаза тауып, 1,5 жыл бойы әділдік іздеген ата-ана тілшілерге біраз жайтты бүкпесіз жайып салған.

Олардың айтуынша, оқиға былтыр 11 наурызда болған. Марқұмның анасы Уғыбайда Сайрат баласының кешке достарымен футбол ойнап келген соң асқазанының ауырғанын айтқанын айтыпты. Айболат құсып, басы ауыра бастағандықтан ата-анасы ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер басында соқырішек деп ойлаған. Бірақ соңында баланың ішкі құрылысы алған соққылар салдарынан гематомадан сары суға толып кеткені белгілі болады. Айболат жансақтау бөліміне түсіп, жүрегі төрт рет тоқтап, бесіншісінде қайтыс болады.

Кейіннен анықталғандай, сол күні Айболат пен сыныптастарын сол ауылдың тұрғыны Жандос есімді студент жігіт шақырып, жинап алған екен. Оның мақсаты – жасөспірімдерден ақша бопсалау болған. Анасының сөзінше, Айболаттың ұялы телефонындағы жазбалары Жандос балалардан бірінші рет емес, тұрақты түрде ақша бопсалап келгенін дәлелдейді. Жасөспірім қайтыс боларының алдында ата-анасы мен туыстарынан ақша сұрауын көбейткен. Телефон жазбаларын қарағанда, «кімде-кім ақша тапсырмаса, өз жазаларыңды аласыңдар» деген аудиожазбалар да табылған. Айболатты өзінен үлкен Мейрамбек, Алтынбек, Нұртілек, Расул, Еркінбек есімді жігіттер де сол оқиғаға дейін ұрып келгені анықталды. Ата-анасының айтуынша, балалардан жиналған ақша әлімжеттік көрсеткендердің Kaspi Red және басқа да несиелері мен қарыздарын жабуға кеткен.

Сонымен қатар,  2023 жылдың наурыз айының басында Айболат толық медициналық тексерістен өткен. Сол кезде дәрігерлер баланың денсаулығында еш кінәрат жоқтығын айтқан. Айболат қайтыс болғаннан кейін Еңбекшіқазақ полиция басқармасына арыз түсірілген, бірақ арада 1,5 жыл өтсе де мардымды тергеу немесе сотқа жіберілген іс жоқ.

Ата-анасы бастапқыда балаларының «өз ауруынан қайтыс болды» дегенмен келіспей, 6 айдан соң эксгумация жасатқан. Эксгумация қорытындысы Айболаттың соққы салдарынан асқазан-ішек жолдарында қан ұйып, сары суға айналғанынан қайтыс болғанын көрсеткен. Дегенмен әлі де тергеушілер бұл қорытындыға қарамастан, «тағы сараптама күтіп отырмыз» деген желеумен іс алға жылжымаған.

«Студент жігіттер балаларды жинап алып ұрған, кім соққаны, кім ұрғаны бәрі айдан анық көрініп тұр. 6 айдан соң эксгумация да жасаттық, оның қорытындысы бойынша да өлім себебі соққы болғандығы дәлелденіп тұр. Осыншама дәлел мен дәйекке қарамастан іс алға жылжымағанына міне 1,5 жыл болды»,  дейді әкесі Мұратхан Түгелхан.

Әймен орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары да Айболаттың сыныптастары үлкен жігіттерден әлімжеттік көргенін сол кезде айтқанын жеткізіпті.

«Қазір ата-анасының қолында сол кезде барлық балалардан алынған түсініктемелер бар. Бала ауруханаға түскен соң, анасы жылап келген күні біз полицияға барып арыз жазып, балалар түсініктеме берген болатын. Шынымен мектепті бітіріп кеткен балалардың ұрғанын сол кезде бәрі айтты. Студент жігіттердің қорқытқаны, ақша жинаңдар деп айтқан барлық жазбалары бар»,   дейді тәрбие ісі жөніндегі меңгеруші.

Ал сол жерде әділетсіздік көрдік деген тағы екі ана да біраз шындықтың бетін ашып берген. Солардың бірі – Айман Бетішімова есімді әйелдің қызы Алматы облысы Іле ауданындағы Абай атындағы мектеп-интернатта ұзақ уақыттан бері директор тарапынан буллингке ұшырап жүргенін айтты. Ол мектептің бұрынғы директорын кінәлап отыр. Айтуынша, директор мектеп жарғысын бұзып, мектеп ғимаратын кейбір қызметкерлерге тұруға жалға беріп келген. Осыны басшының бетіне айтқан үшін қызының соңынан шам алып жүгірген.

Кейіннен директорды орнынан алып, жаңасын тағайындайды. Алайда буллинг тоқтамаған көрінеді. Ол Алматы облысы Білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаеваның да осы жағдайға тікелей жауапты екенін жеткізді.

Салтанат Беспаеваға қатысты үлкен шағымдарды Зарима Қожамбетова да білдірді. Ол «Азат ауылына Президент әкімшілігінің делегациясы келді» деген. Зарима Қожамбетова Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеген, бірақ кейіннен басқармадағы түрлі заң бұзушылықтарды ашық айтқаны үшін әділетсіз түрде жұмыстан шығарылғандығын айтыпты. Бұдан соң журналистер Азат ауылының тұрғындарымен сөйлесіп, жалпы ауылдың қалай өмір сүріп жатқанымен танысқан. Кейбір жергілікті тұрғындар ауылда Қытай мен басқа елдерден келген қандастарымыз арасында біраз сенімсіздік пен шиеленіс бар екенін айтып беріпті. Кейбір тұрғындардың айтуынша, шеттен көшіп келген қандастар тұрмыстық және мәдени алуан түрлілігіне, олардың басқа ұлт өкілдерімен араласпауын, диалогқа түсуге құлықсыз екенін атап өтті.

 

Related posts

В КАЗАХСТАНЕ СОЗДАНА ВСЕМИРНАЯ АССОЦИАЦИЯ ИНОСТРАННОЙ ПРЕССЫ

ttjk

ШУША — 2023 ЖЫЛЫ ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ МӘДЕНИ АСТАНАСЫ

ttjk

Мемлекеттік тілдің қолданысын кеңейту – ортақ міндет

Назия Жоямергенқызы