Түрік тіліне аударылған «Бозоқ аруы» оқырманға жол тартты

Бүгін жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Шәрбану Бейсенованың «Бозоқ аруы» атты кітабының түрік тіліне аударылған шығармасы оқырманға жол тартты.

Кітаптың таныстырылымын Астанадағы Түркия елшілігі мен Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығы бірігіп ұйымдастырған. Іс-шараға Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұстафа Капуджу, жазушы Шәрбану Бейсенова, Түркия Елшілігінің Мәдениет жөніндегі кеңесшісі Зүлфү Томан, Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы Хайрунниса Топчу, Назарбаев университетінің қазақ тілі және түркология кафедрасының оқытушысы Фунда Гүвен, Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушысы Роза Мұқанова, сондай-ақ танымал қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері қатысты.

Еліміздегі Түркия елшісі жиналғандарға құттықтау сөз сөйлеп, қос халықты біріктіруге үлес қосатын түрік тіліне аударылған тағы бір шығарманың жарық көріп жатқанына алғысын білдірді. Түркияның Қазақстандағы Елшілігінің мәдениет және таныту атташесі Зүлфү Томан өз сөзінде кітаптар үлкен теңіз тамшылары іспеттес, жазушының жан –дүниесін, таным – түсінігінің нақты туындысы ретінде жететін кітаптар, автордың атын мәңгілікке қалдыратынын жеткізді. Бұл орайда ол драма, қайта қауышу, жанкештілік және көптеген ауыр сезімдер өткерілген соңы трагедиямен тәмамдалған екі әйелдің өмірлері арқылы шебер түрде мәдени құндылықтар мен тарихи танымды бізге жеткізген «Бозоқ аруы» атты туынды авторы Шәрбану Бейсенова ханымға алғысын білдірді. «Ар-намысы мен бостандығын  ардақтайтын абыройлы әйел ретінде Сүзге ханым өзінің ұстанымымен, тектілігімен жан айқайын алдымен әйелдерімізге, сондай –ақ барша жаңа ұрпаққа арнайды», деді ол.

Өз кезегінде сөз алған Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы Хайрунниса Топчу Сүзге ханымды кейіпкер ретінде даралап,  хикаядағы басқа әйел кейіпкерлерінен  өзгеше қылатын қырына тоқталды. Оның айтуынша, автор түркі қыздарына тән батылдық, ізгілік, даналық және еркіндікке деген құштарлықты шебер көрсете білген. Осы қырлары арқылы Сүзге түркі қыздарының тарихи символы болып табылады. Сарайдағы сұқ көздер, артынан ерген ыбыр -сыбыр-сөздер,  шиеленіскен оқиғалардан мезі болып, бөлек шыққысы келеді. Бұл да Сүзгенің өзгелерден айырмашылығын аңғартады.

Автор бұл хикаятта Көшім ханның орыс отаршылдарынан жеңіліске ұшырауы салдарынан әйелдерінің бірі Сүзгенің және  қазақ қауымының басынан өткерген қасіретін тілге тиек етеді. Осылай деген Назарбаев университетінің қазақ тілі және түркология кафедрасының оқытушысы Фунда Гүвен «Жазушы әңгімесін халық ауыз әдебиеті туындысы «Сүзге ханым» дастанының астарын баяндаудан бастайды. Осылайша, автор романды тарихи оқиғаға негіздей отырып, оқырманның шығарманың шынайылығына деген сеніміне ие болады. Сондай –ақ қазақ тарихын бай дерек көзі ретінде көруге мүмкіндік береді» деп отыр.

Жазушы Шәрбану Бейсенованың туындысын  түрік тілінде сөйлеткен марқұм Якуп Өмероглун да жиналғандар айырықша еске алды. Себебі олтүркі халқының бойындағы батылдығын бейнелейтін  қазақ қызының қайсарлығын түрік оқырмандарына жеткізе білді.

 

 

Related posts

Университет басшылары ұрлық жасаған

editor

IV Халықаралық Түркітілдес журналистер медиа форумы өтіп жатыр

editor

УНИВЕРСИТЕТ И УСТОЙЧИВОЕ РАЗВИТИЕ: РИСКИ И ВОЗМОЖНОСТИ

ttjk