Сот бес баласынан айырылған ананы 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесті

Қостанай облысы Жітіқара ауданында болған өртте балаларынан айырылған әйел адам 5 жылға сотталып кетті.

Аудандық сот ҚК 292-бабының 3-бөлігімен (абайсызда 5 баланың өліміне әкеп соқтырған өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) айыпталушыға қатысты қылмыстық істі қараған. Белгілі болғандай, балаларын қараусыз қалдырдып, үлкен ұлына үйдің іші салқындаған жағдайда пешке от салуды тапсырған. Ұлы пешке отын, көмір және тұрмыстық қоқыстарды жаққан. Бала пеш жанындағы белгісіз сұйықтықпен жатқан пластикалық бөтелкені де отқа салып жібереді. Салдарынан пештегі жалынның күшейіп, өртке айналуына себеп болған. Өрт салдарынан бес бала көз жұмды.

Сотталған әйел адамның кінәсі оның мойындауымен, куәгерлердің айғақтарымен, оқиға болған жерді тексеру хаттамасымен және сот сараптамаларының қорытындыларымен дәлелденіп отыр. «Прокурор сотталушыға шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушы өз кінәсін толық мойындады, істеген ісіне өкініп, оны бас бостандығынан айырмауды өтінді. Алайда сот 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады және ҚК-нің 74-бабының негізінде жас баланың болуына байланысты жазаны орындау кейінге қалдырды», делінген облыстық сот таратқан хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Related posts

23 Nisan Ulusal Egemenlik ve Çocuk Bayramı

ttjk

Студенты предложили идеи по стабилизации в Афганистане

ttjk

Түркияның жаңа жазғы тағамдарының дәмін татыңыз

ttjk