Шымкентте бір жастағы сәби 4 сантиметрлік шегені жұтып қойған

 

Шымкент қаласында бір жастағы бала кездейсоқ 4 сантиметрлік шеге жұтып, жедел түрде ауруханаға жеткізілді.
Аlmaty.tv арнасының хабарлауынша, анасы баласының демі тарылып, тыныс ала алмай жатқанын байқап, дереу жедел жәрдем шақырған.

Дәрігерлер баланы шұғыл түрде тексеріп, көмейінен темір шегені алып шыққан. Ота сәтті өткенмен, сәбидің жағдайы ауыр болғандықтан, ол жансақтау бөліміне жатқызылған. Қазіргі уақытта бүлдіршін анасымен бірге ем қабылдап жатыр.

«Науқас жедел түрде операция бөлмесіне жеткізіліп, бронхоскопия жасалды. Тексеру кезінде баланың кеңірдегінен бөгде зат табылып, ол эндоскопиялық құрал арқылы алынған. Бір тәулік бойы бала реанимацияда бақылауда болды, кейін хирургия бөліміне ауыстырылды», — деді эндоскопист-дәрігер Бабур Рахманқұлов.

Related posts

Жұмысшы мамандықтар жылы : Абай облысы жастары цемент зауытының жұмысымен танысты

Назия Жоямергенқызы

Республика күніне арналған салнататты кеш ұйымдастырылды

editor

ТҮРКИЯ: жыл сайын — 40 миллион турист

ttjk