ҚР президенті Мажарстан Премьер-министрімен кездесті

Кездесу барысында Қ.Тоқаев екіжақты байланыстың басым бағыты ретінде сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықтың артатынын, былтыр өзара сауда-саттық көлемі 200 миллион долларға жеткенін, ал биыл алғашқы тоқсанда тауар айналымы 37 пайызға өскенін айтты.

Қазақстан экономикасына салынған инвестиция көлемі 370 миллион доллардан асты. Қазір екі мемлекет арасында машина жасау, ауыл шаруашылығы және логистика салаларында 16 бірлескен инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Жобалардың жалпы құны — 700 миллион доллар.

Қ.Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының ертеңгі бейресми саммитінің маңызына тоқталып, Қазақстанның ТМҰ қызметінің барлық басым бағыты бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға мүдделі екенін жеткізді. Виктор Орбан Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, қазақ-мажар қатынастарының тұрақты әрі қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды.

Кездесу барысында 2024 жылы жоғары деңгейде өткен келіссөздердің қорытындысы нәтижесінде жүзеге асырылған келісімдер, мысалы, энергетика, сауда және инвестиция салаларындағы ортақ жобалар талқыға салынды.

Related posts

Ипотека бойынша кей борышкерлердің қарыздары кешірілуі мүмкін

Назия Жоямергенқызы

Сайлау Қасабеков: БОЛАШАҚ БІЛІМДІ ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА

Türkiye’s capital city, Ankara, has many hidden treasures to explore

ttjk