Президент тапсырмасы орындалмайтын болды

 Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова әлеуметтік қорларды біріктірмеудің себебін түсіндірсе, Сенат төрағасы бұл шешімнің тиімсіз тұсын атады.
Осыдан бес жыл бұрын Президент әлеуметтік қорларды біріктіріп, бірыңғай төлемді енгізу мәселесін қарастыруды тапсырған болатын. Елімізде зейнетақы, медициналық және әлеуметтік сақтандыру бойынша бірнеше қор бар. Солардың бәрін біріктірсе, біраз қаржыны үнемдеуге болады.
Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың айтуынша, үкімет Тоқаевтың осы ұсынысын жан-жақты зерделеп шығып, арнайы жұмыс тобын да құрған.

“Бірлескен жұмыстың нәтижесінде бірыңғай әлеуметтік қорды құру орынсыз деген шешім шығарылды. Қазіргі әлеуметтік төлемдердің экономикалық сипаты әртүрлі, сондықтан қорларды біріктіру орынсыз. Оны ұлттық банк те, қаржыгерлер қауымдастығы да айтты. Осыған байланысты тапсырма орындаудан алынды”, деді Светлана Жақыпова Сенаттың жалпы отырысында.

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев бірыңғай қор құрылмаса да, әлеуметтік қорлардағы қаржыны бақылау қажеттігін ерекше атап өтті. “Қазірг қорларда жиналған қаржының көлемі ел бюджетінің шығыстарынан да асып отыр. Биыл бюдже шығыстары 4 трлн теңге болса, қорлардың активтері одан да көп. Ал осы қаржыны бақылау мен жұмсау мәселесі қалай болып жатыр? Мысалы, бюджетті орындауды қарағанда бізге әлеуметтік қорлардың есебін бір кестемен жіберіп отырады, бір бет қана. Оған қарап, ол жерде не болып жатқанын түсіну қиын емес”, деп атап көрсетті ол. Оның айтуынша, бүгінде өзекті проблемаларды шешуге ақша таппай отырғанда әлеуметтік қорлардағы қаражатты бақыламай жүргеніміз дұрыс емес.

Related posts

Қалдықсыз болашақ: Түркиядағы «Халықаралық қалдықсыз күн»

ttjk

Браконьерлерден жүздеген келі балық тәркіленді

editor

Пара туралы хабарлағандарға 4 млн теңге сыйақы

editor