Қос елдің достығы ынтымаққа жол ашады

Қазақстан Республикасының Президенті — Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі — Жээнбек Кулубаевті қабылдап, екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту жөнінде кездесу өткізді.

Екі ел басшысы жақында Қазақстанның астанасы Ақордада жүздескен болатын. Кездесудің басты мәселесі — қос ел арасындағы сауда, инвестициялар және мәдени байланыстарды тереңдетуге бағытталды. Сонымен қатар, осыған дейін қабылданған келісімдерді орындауды талқылау еді.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұрын жасалған мәмілелерді толық іске асырудың аса қажеттілігін атап өтті. Оның айтуынша, келісімшарттар ерекше маңызға ие және мемлекеттер арасындағы достықты едәуір күшейтеді.

Жээнбек Кулубаев екі елдің арасындағы ортақ шешімдердің қорытындыларын баяндады. Кездесуде Қазақстан мен Қырғыз Республикасының достық және тату көршілікке негізделген қарым-қатынастарын дамыту жолдары айтылды. Сондай-ақ, экономикалық ынтымақтастық пен инфрақұрылымды дамыту және халықаралық саясат бойынша пікірлер ортаға салынды.

Бұл кездесу екі мемлекет арасындағы байланыстарды жаңа деңгейге шығарудың бірден бір маңызды қадамы болды.

Бекбол Зерделім, Атырау қаласы.
№38 мектеп-лицейінің 10 «А» сынып оқушысы

Related posts

ТҮРКИЯДАҒЫ МӘДЕНИ ОРТАЛЫҚ

ttjk

ЖАС МАМАНҒА КӘСІБИ КЕҢЕСТЕР

ttjk

Халық-Life клиенттері өтінімді мобильді қосымша арқылы береді

ttjk