Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысы әкімі лауазымын атқарған Дархан Сатыбалдыны Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындау туралы жарлыққа қол қойды. Дәл осы жарлықпен ол Түркістан облысы әкімі қызметінен босатылды. Ол Түркістан облысын 2,5 жылға жуық уақыт басқарған.
«Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын», делінген Президент жарлығында.
Дархан Сатыбалды 1974 жылы 26 наурызда Түркістан облысы Сарыағаш ауданында дүниеге келген. Ол Сейфуллин атындағы Ақмола ауыл шаруашылығы институтын және Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген. Шымкент әкімі, Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі қызметтерін атқарды.