Нодира Ахмедова – таеквондодан әлем чемпионатының қола жүлдегері

Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі, талантты таеквондошы Нодира Ахмедова Қытайдың Уси қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында үздік үштікке еніп, қола медаль иегері атанды.

Ахмедова 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын абыроймен қорғады. Ол жарыстың бастапқы кезеңдерінде қарсыластарын сенімді түрде ұтып, жартылай финалға дейін жетті. Алайда шешуші кездесуде Тайбэй спортшысы Юн Люге есе жіберіп, турнирді үшінші орынмен қорытындылады.

Бұл жетістік – Нодира Ахмедованың халықаралық аренадағы ең ірі табыстарының бірі. Сонымен қатар, бұл нәтиже Қазақстан әйелдер құрамасы үшін де тарихи сәт болды.

Себебі, қазақстандық спортшы әйелдер арасындағы әлем чемпионатында алғаш рет 18 жылдан кейін жүлдеге қол жеткізді. Соңғы рет 2007 жылы Назгүл Тәжіғұлова (51 келіге дейін) әлемдік доданың қола жүлдесін иеленген болатын.

Ахмедованың табысы – еліміздегі таеквондо спортының қарқынды дамуы мен жаңа буын спортшыларының әлеуетін айқын көрсеткен маңызды жетістік.

Фото: Nur.kz

Related posts

Мемлекет басшысы Жұмыс тобымен бірге конституциялық реформаға қатысты негізгі тәсілдерді талқылады

Назия Жоямергенқызы

ВЕЙПТІҢ ЗИЯНЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ТҮСІНДІРІЛДІ

ttjk

II СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ САММИТІ — БҰРСА

ttjk