Мемлекет басшысы: Біздің бабаларымыз алып мемлекеттер құрды

Салтанатты жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы сөз сөйлеп, әлемдік ауқымда өтіп жатқан айрықша маңызды іс-шараға қатысу үшін Қазақстанға келген бауырлас мемлекеттердің басшыларына, мәртебелі меймандарға және спортшыларға шынайы алғысын жеткізді.

Президент көшпенділер өркениеті дүниежүзі тарихында өшпес із қалдырған өркениет екенін айрықша атап өтті.

Президент Ұлы дала көшпенділері ежелден байтақ Еуразияны мекен еткен. Олар жаһандық даму үдерісіне түбегейлі өзгеріс әкелді, сол замандағы озық технологияның иесі болғанын жеткізіп, көшпенділер бес мың жыл бұрын жылқыны қолға үйретіп, дүниені дүбірлеткен салт аттылар мәдениетін қалыптастырғанын айтты. Қуатты қару-жарақ пен ғажайып зергерлік бұйымдар жасағанын алға тартқан ол «Сақ дәуірінің Алтын адамдары – соның айқын дәлелі» екенін, қазақ жерінен әл-Фараби, Қожа Ахмет Ясауи сынды ғұламалар шыққанын жеткізді.  Олар ілім-ғылымның дамуына орасан зор үлес қосқанын айта келіп:

«Біздің бабаларымыз алып мемлекеттер құрды, үлкен қалалар салды. Ұлы далада Отырар, Түркістан, Тараз, Сарайшық сияқты сәулетті шаһарлар бой көтерді. Көшпенді жұрт батыс пен шығысқа көпір болып, түрлі мәдениеттің жақындасуына әсер етті. Осы жерде ежелгі Ғұн империясы, одан соң Түрік қағанаты салтанат құрды. Олардың даңқты жолын Алтын Орда мен Қазақ хандығы жалғастырды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Related posts

Қорғаныс министрі қамауға алынды

editor

Қорлық көрсеткен күйеуін өлтірген әйел 8 жылға сотталды

editor

Германия канцлері «Ақордаға» келді

editor