Made in KZ: өз Кремний алқабын құрудың жолы

Informburo.kz “Шеврон” компаниясымен бірге Қазақстанда ІТ әлеуеті бар ма және оны қалай іске асыруға болатыны туралы айтып берді.

2025 жылға қарай Қазақстанда жүз мың IT маманы шығуы керек – бұл үкіметтің мақсаты. Қазір жағдай қалай? Мақсатқа жету үшін не істеу керек? Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДИАӨМ), университеттер мен жеке бағдарламалау мектептері дайын ба? 

Экономиканың нақты секторындағы ІТ

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин веб-қосымшаларын әзірлеушілерге арналған nFactorial Incubator жазғы лагерінің қорытынды іс-шарасында құттықтау сөз сөйлеп, қазақстандық IT-қауымдастығының жай-күйі және елдегі бағыттың дамуының келешегін атап өтті.  

«IT-мамандар болашақтың адами капиталға негізделген экономикасы үшін маңызды. Біз Digital Nomads Kazakhstan чатында 350-ге жуық қазақстандық бағдарламашыны біріктірдік және қазірдің өзінде төрт бағыт бойынша бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз”, – деді Бағдат Мусин.


Олардың қатарында спорттық бағдарламалау федерациясын құру, IT курстары мен әдебиеттерді қазақ тіліне аудару, білім деңгейін және студенттердің ынтасын арттыру мақсатында аймақтық жоғары оқу орындарында практиктермен онлайн және офлайн кездесулер өткізу бар.

Қауымдастық пайда болды, енді мемлекет қажет жерде көмектесуі керек. Университеттерге берілетін мемлекеттік гранттарды мысалға ала отырып, жекеменшік мектептер үшін IT ваучерлер жүйесін әзірледік. Үш мың адам жеке IT мектебінде оқуға 600 мың теңгеге тең жолдама алады, — деді Бағдат Мусин. – ЦДИАӨМ IT ваучерін Astana Hub арқылы алуға болады».

Сонымен қатар, ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттық технологиялар саласын дамыту департаменті директорының міндетін атқарушы Дәулет Душабаев Informburo.kz сайтына берген жауабында IT-нарығы серпінді дамып келе жатқанын және қазірдің өзінде экономиканың нақты секторына еніп жатқанын айтты. 

“Бүгінгі таңда қазақстандық сегментте, ойын әзірлеушісі, веб-сайттар мен қызметтер бойынша мыңнан астам өтінім жарияланды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12%-ға өсім байқалады”, – деп келтіреді ЦДИАӨМ өкілі.

Оның айтуынша, мамандарды даярлау университеттерде, колледждерде және соңғы екі жылда инновациялық бағдарламалау мектептерінде. жүйелі түрде жүзеге асырылады. 

Бірінші жартыжылдықта 11 852 студент, 2021 және 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында жекеменшік IT мектептерінде 5 563 адам оқып шықты. IT кадрларының саны артып, түлектерді жұмысқа орналастырудың жоғары көрсеткіші бейіндік оқытуға әсер етеді. ЦДИАӨМ өкілі HeadHunter деректеріне сілтеме жасай отырып, IT, интернет және телекоммуникация саласындағы қызметкерлерді іздеуде үш мыңнан астам бос жұмыс орындары бар екенін айтады. Сұраныстағы мамандықтар – инженер, веб-инженер, веб-мастер, талдаушы.

Сонымен қатар, 2022 жылдың сәуір-мамыр айларында ЦДИАӨМ IT мамандарымен қанағаттану туралы сауалнама жүргізді.

Бағдарламашылар, PHP әзірлеушілері, full stack Java әзірлеушілері, ақпараттық қауіпсіздік мамандары, мобильді қосымшаларды әзірлеушілер, инженерлер, QA инженерлері, серверлік әзірлеушілер (php\go), Data Science, жүйелік әкімшілер, VR архитекторлары, iOS әзірлеушілері, Flash аниматорлары, Devops жетістпейді.
103 компания IT мамандарының біліктілігін бес ұпайдың 3,56 ұпайына, ал мамандар мен фрилансерлерге 4,02 ұпайға бағалады.
IT маманы біліктілікке сай болса, қай елден екені маңызды емес.

“Жоғары оқу орнының түлектері негізгі біліммен қатар, сабақтас мамандықтарға өз бетінше қызығушылық танытуы, біліктілігін одан әрі дамытуы және нарық талаптарын зерделеуі/бақылауы қажет”, – деп ұсынып отыр министрлік.

IT мамандарын даярлау үшін бейресми білім беруге көңіл бөлінеді. Мемлекеттік қолдау шаралары: білім беру гранттарын бөлу және өңірлерде ІТ мектептерін ашуды насихаттау әзірленді.

Ынта жеткілікті ме?

nFactorial әзірлеушілері мектебінің және nFactorial Incubator жазғы лагерінің негізін қалаушы Арман Сүлейменовтің айтуынша, IT хабты қалыптастыру үшін ең алдымен көптеген әзірлеушілерді дайындау керек. “Кадрлар прогресті қозғалтады. Әзірлеушілер көп болса, аутсорсингтік компаниялар да көп болады, одан кейін инвесторлар келетін өнім компанияларының саны да артады. Инвесторлар көп болса, жалақы жоғары болады, жалақы жоғары болса, дайындаушылар да көбейеді», — дейді ол.

“Он мың маман – біздің мақсатымыз және оған қол жеткізуге болады. Біз мектеп ретінде дамып келеміз, және жылына мыңнан астам әзірлеуші шығарғымыз келеді. Қазақстанда көптеген бағдарламалау мектептері — Alem School, Attractor School және т.б. пайда болды. Жалпы күш-жігер прогреске әкеледі. Ресей мен Қазақстанның, Беларусь пен Украинаның 100 үздіктік оқу орнын салыстыратын болсақ, сапа жағынан тең дәрежеде боламыз”. 

Жақында Қазақстандағы ең ірі IT-инкубатор nFactorial School “Шеврон” компаниясымен серіктестікте жазғы бағдарламалау лагерін салтанатты түрде аяқтады. Лагерь аясында 10 апта ішінде еліміздің жас таланттары 100-ден астам бірегей веб-қосымша жасап шығарды. Қатысуға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан және Ресейден 4000 үміткер өтініш білдіріп, оның ішінде бағдарламаға 200 үздік әзірлеуші шақырылды.

Жаңа кадрлар Қазақстаннан кетіп қалады деген қауіп бар ма?

“Мен бұған өте оң көзқараспен қараймын”, — дейді Арман Сүлейменов. – Бұл ақыл айналымы. Кез келген футболшы, айталық, Реал Мадридте, туған жерін қаншалықты жақсы көрсе де, атақты футболшылармен бір командада ойнағысы келеді. Адам дамығысы келсе, ал алып компаниялар оны жұмысқа алуға дайын болса, неге бармасқа? 

Бір жылдан кейін nFactorial түлектері шетелде Google, Facebook, Amazon, Apple, Yandex, Snapchat HBO және басқа компанияларда жұмыс істей бастайды. Бірақ бәрі де кетуге дайын емес, кейбіреуі Қазақстанда қалып, финтехте, банктерде, жеке даму студияларында жұмыс істейді. 3-4 жыл жұмыс істеп қайтатындар бар. “Егер біздің бағдарламашылардың бәрі кетіп қалса, бұл жақсы көрсеткіш”, — деп жалғастырды бағдарламашы. – Бұл бізде осындай керемет кадрлар бар дегенді білдіреді. Үндістан — өте жақсы үлгі. Ең мықтылары Америкаға барып, мансап құрды. Google, Microsoft, FedEx бас директорлары Үндістаннан. Олар қазір туған елінің дамуына орасан зор үлес қосуда”. Қазақстанда кадрлар мен таланттар жоғары шоғырланған кезде шетелдік компаниялар өз өкілдіктерін ашады, ал отандық компаниялар өз командаларын дамытады.

“Біз сапаға назар аударуымыз керек. Мүмкін біз Data-Science немесе виртуалды немесе қосымша шынайылықты әзірлеушілердегі таланттарға назар аударуымыз керек шығар. Спорттағыдай біз бір бағытты ұстанамыз және әлемнің үздіктері боламыз, деп түйіндейді nFactorial негізін қалаушы. 

Степан Латиков, Шеврон Еуразия бөлімшесінің Ақпараттық технологиялар және цифрландыру менеджері nFactorial инкубатор сияқты жобалар экономикалық өсудің, жұмыс орындарын құрудың және бизнесті қолдаудың катализаторы болып табылатыны туралы айтады.

“Ұлы нәрсе шағын нәрселерден басталады. nFactorial Incubator сияқты жобалар жаңа дағдыларды меңгеру немесе бұрыннан бар дағдыларды жетілдіру алаңы ретінде тамаша болатынына сенімдімін. Бұл Қазақстандағы таланттарды дамытуға салынған инвестиция”, – дейді ол. – Соңғы бірнеше жылда IT нарығы өте қарқынды дамып келе жатқаны анық – дамудың көптеген тұстары бар: және COVID пандемиясы, экономиканың әртүрлі салаларын цифрландырудың күшеюі және біздің өміріміз IT мамандарына деген қажеттіліктің артуына әкелді”. 

Степан Латиков өз тәжірибесіне сүйене отырып, мансаптың басында тәжірибе жинау қиын болғанын еске алады: “ Бұл тұйық шеңбер әлі есімде, тәжірибесі бар мамандар қажет, ал тәжірибе жинау өте қиын. Мен университетте желілік технологиялармен жұмыс істеп тәжірибе жинадым және бұл мені сынақ мерзіміне қарастыруға оң шешім қабылдауға әсер етті. Алғашқыда ізденіс тұрғысынан өте қиын болды. Әрине, бәрі сіз өтініш беретін қызметке/лауазымға байланысты. Бірақ бұл тәжірибе сұхбатта сөзсіз және даусыз артықшылық болады. nFactorial Incubator өз рөлін ойдағыдай орындап, оннан астам қазақстандық әзірлеушілер үшін IT-дің тамаша әлеміне есік ашатынына сенімдімін».

Қазақстанның өз IT ортасы бола ма?

Әрине, бұл үшін министрліктен, жоғары оқу орындары мен жекеменшік мектептерден, компаниялар мен инвесторлардан бастап бейіндік қоғамдастыққа дейін барлық сала қатысушыларының ниетімен және тілектерімен бекітілген елеулі негіз құрылды. Негіз құрылды, ендігі мәселе іске асыруда және уақыт факторында, сондықтан әзірге бәрі біздің пайдамызға іске асырылып жатыр. 

 

Related posts

“АЗИЯ ДАУЫСЫНДА” — “BLACK EYED PEAS

ttjk

ЖАС МАМАНҒА КӘСІБИ КЕҢЕСТЕР

ttjk

БИРГИ ВХОДИТ В СПИСОК ОРГАНИЗАЦИИ ОБЪЕДИНЕННЫХ НАЦИЙ «ЛУЧШИЕ ТУРИСТИЧЕСКИЕ ДЕРЕВНИ НА 2022 ГОД»

ttjk