Мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысқан топ ұсталды

Қызылорда облысы Полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қаладағы кәсіпорыннан мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысқан адамдар тобын ұстады.

 

Қылмыстық схемаға өндіріс нысанының қызметкерлері мен күзетшілері тартылған. Жиырмадан астам тінту шаралары жүргізіліп, 25 тоннадан астам ұрланған мұнай өнімдері тәркіленген. Күдіктілердің әрекетінен кәсіпорынға келтірілген алдын ала шығыны 200 миллион теңгеден асады.

«Полицияға 12 адам жеткізілді, оның 9-ы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Облыстық полиция департаментінің тергеу басқармасы мұнай өнімдерін ұрлау және тиісті құжаттарсыз тасымалдау фактілері бойынша тергеу жүргізуде», деп хабарлады ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті.

Related posts

Путешествие в историю Анатолии: Музей анатолийских цивилизаций

Назия Жоямергенқызы

Алматыда Түрік асханасының апталығы басталды

ttjk

Агенттік төрағасы атынан хабарлама тарап жатыр

editor