Мәңгілік бала басылымдары «Ақжелкен» мен «Ұланның» мерейлі тойы өтті

12179744_1625826947667161_793201955_n

Қазан айының 23-24 күні Алматы қаласында, қазақ басылымдарының алғашқы баспалдағы Ақжелкеннің 90 жылдық, Ұлан газетінің 85 жасқа толу меройтойы дүркіреп өтті. «Бізде бала болғанбыз» атты кеш екі күнге созылып, жер-жерден келген мектеп оқушылары, студенттер қауымы мен өнерлі жастар кешті жандандыра түсті.

12182304_1625827007667155_1027322520_n

Алғашқы күні жазушылар Б.Нұржекеев, Д. Исабеков, С.Қирабаев, М.Қожахметова, У.Уайдин (олардың кейбірі бір кездері басылым редакторы болған еді) бастаған қазақ зиялылар қауымы, аға буын журналисттер  Н. Жалау, З.Жұманова әпкелерімізбен М.Тоқашбаев,  Ж. Кенжалин, Ж. Қалыбай,  тағы басқа  да ағаларымыз бала кезден серік болып келе жатқан сүйікті басылымдары жайында терең  толғана сыр шертіп, құтықтауларын айтты.  Еліміз егемендігін алғанға дейін «Пионер» деген, атаумен шыққан «Ақжелкенмен», «Ленинші жас» (қазіргі «Жас Алаш) газетінің ішіндегі  қосымшасы болып шыққан кешегі «Пионер», бүгінгі «Ұланда» алғашқы журналистикадағы тұсауларын кескендігін де жасыра алмады.  Тарихы тереңде жатқан қос  басылымды әр жылдары Саттар Ерубаев, Сақтаған Бәйішев, Әбілфайыз Ыдырсов, Сейдахмет Бердіқұлов, Фариза Оңғарсынова, Уалихан Қалижан, Сұлтан Қалиұлы сынды азаматтар басқарды.

12179482_1625827897667066_733565176_n

Бүгінгі күні мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер басылымдарының «Жас Өркен» ЖШСіне біріктіріліп, «Балдырған», «Ақжелкен»,  журналдары, «Ұлан», «Дружные Ребята» газеттері  Республиканың түкпір-түкпірінен балалардың сүйікті досына айналыпта үлгерді.  Жалпы бұл  басылымдардың қайсысын алсақта үлкен бір тарих. Бала тілші  болып аяқтанып, қазірде «Ақжелкеннің» бас редакторы болып отырған Жадыра Нармахнова бізге берген аздаған сұхбатында былай деген еді, «Жалпы Ақжелкенмен Ұлан газетінде «жас тілші»,- деген ұғым қалыптасқан, бүгінгі күні мүйізі қарағайдай ақын-жазушыларымыздың қай-қайсысын алсаңызда, осы басылым оларға алғашқы баспалдақ, қалам тербеуге алғаш тапынысын оятқан,  тырнақалдысын жарыққа шығарған бірден бір басылым. Қазақ әдебиетінде ауызға ілігіп жүрген Мадина Омар, Жанарбек Шағатай сынды ағаларымыз бір кездері осы «Ұланмен», «Ақжелкеннің» белсенді жас тілшілері болды, айта берсек мұндай мысалдар көп-ақ»,- деп сөзін түйіндеген еді.  Әсерлі кештің тағы  бір ерекшелігі осы басылымдардан қанат қаққан төрт бірдей жас ұланның алғашқы кітәбінің тұсаукесері де мерейтой қарсаңында өтті. А. Файзолла, М. Жылқыбай, Д. Смақов, Е. Тоқтарбайлардың шығармашылығынан құралған талантты жастар «осы мерейтойға кішігірім үлесіміз болсын»,-  деп кітәптың атын «Ақжелкеннің ұландары» деп атауды жөн көріпті.  Кітаптың тұсауы кесілгенен кейін арты өнерлі балалармен бірге дәстүрлі әншілердің гала-концертіне ұласты. Гитарасын қолтықтап келген Қадырғали Көбентай ағамызда шәкіртімен құлақ құрышын қандыратын әсем әуенін шырқап кеште жүр.  Осы мерейтойға арнайы шақырылған жер-жерден келген жетпіс жас тілшілер алғашқы күнен-ақ, екі күн бойы танымал журналист аға апаларынан шеберлік сыныптарынан өтіп, қасиетті қара қаламның құдіретін сезіне түсті. Поэзилық кеште өтті, болашақ Мұқағали, Фариза, Тұманбайлар өлеңдерін ортаға салып пікір алмасты. Барлығын тебірентіп көзге жас алғызған кішкентай ғана мектеп оқушысы Айша деген балапан. Жақында бақилық болған апасын еске түсірген Айша тебіреніп, барша жүрегі нәзік ақындардың жүрек пернесін сағынышқа айналдырып, ауылда қалған ата-аналарын, еске бір салып қойды. Бірге жүрген жетпіс тілшінің екі-үш күндік тұрақтарын ҚАЗ-ҰМУдің журналистика факултеті көтеріп алса, ішіп-жемімен, әрі бері жол ақысын «Жас Өркен» ЖШС көтеріп алған.  Кеш соңы Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театырында жабылды.  «Ақжелкенмен», «Ұланның» жас өркендері болса осындай кеш ұйымдастырып берген «Жас өркендіктерге» алғыс айтып ауылдарына қайтты.

12181923_1625827021000487_1109173526_n

Аида Қожмамбетова

Related posts

Түркиямен серіктестік: кондитер фабрикасы ашылды

ttjk

ҚАШЫҚТАН ОҚУ: ДИПЛОМ МЕН ЕМТИХАН

ttjk

COVID-19: ТҮРКІ ӘЛЕМІ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ОНЛАЙН ФОРУМЫ

ttjk