Ұлттық ұландықтар тыйым салынған заттарды таратқандарға тосқауыл қойды

 ІІМ Ұлттық ұланның сарбаздары тыйым салынған заттарды таратумен айналысып жүрген топтардың соңына түсіп жатыр.

 3 қарашада Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №28 мекемесінде мекеме қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілері бірлесіп аумақты патрульдеу кезінде тыйым салынған затты лақтыру әрекетінің алдын алды.

Бұл іс-шарада полицей Думан Исатаев пен 5517 әскери бөлімінің 2-ші арнайы мақсаттағы батальонының әскери қызметшілері айрықша рөл атқарды. Олардың үйлесімді іс-қимылының арқасында күдікті оқиға орнында дереу ұсталды. Ұсталған азаматтың көлігін тексеру кезінде ерекше иісі бар өсімдік тектес жасыл зат табылып, тәркіленді. Оның есірткі құралы екендігі болжанып отыр. Ескерте кетейік, мұндай әрекеттер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 481-бабына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.

Тыйым салынған заттарды лақтыру әрекеттерінің алдын алу шаралары мекемеде тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Мекеме қызметкерлері мен  ІІМ Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің үйлесімді әрекеті олардың мекеменің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жоғары кәсібилігі мен тиімділігін айқын көрсетіп отыр.

 ІІМ Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

Related posts

2024 жылғы Олимпиаданың тұмары «Анадолы текті Фригия қалпағынан» шабыттандырады

Назия Жоямергенқызы

Астана күніне орай заманауи емхана ашылады

Назия Жоямергенқызы

ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ ШАҚЫРАДЫ!

ttjk