Лондонда өтетін «Арсенал» – «Қайрат» ойынының билет бағасы жарияланды

Лондондағы «Эмирейтс» стадионында өтетін «Арсенал» мен «Қайрат» арасындағы кездесуге билеттердің құны белгілі болды.

Аталған матч УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі сегізінші тур аясында 2026 жылдың 29 қаңтарында өтеді.

«Арсенал» клубының мәліметінше, билет бағасы 44,80 фунттан 84 фунт стерлингке дейін (шамамен 30 000 – 50 000 теңге) болады.

Қазіргі таңда ағылшын клубы турнир кестесінде 12 ұпаймен көш бастап тұр, ал «Қайрат» 1 ұпаймен 34-орындаорналасқан.

Өткен аптада алматылық команда Миланда өткен кездесуде италиялық «Интерден» жеңіліп қалған болатын.

Related posts

Түркияның сан ғасырлық көркем қалалары Сафранболу мен Дадай Cittaslow желісіне қосылады

ttjk

Измир Lonely Planet нұсқасы бойынша 2024 жылдың ең үздік қонақүйлерінің тізіміне қосылды

Назия Жоямергенқызы

В области Абай чествовали работников сельского хозяйства