Криштиану Роналду – футбол тарихындағы алғашқы миллиардер

Португалиялық жұлдыз Криштиану Роналду тағы бір тарихи жетістікке қол жеткізді. Ол футбол әлемінде миллиардер атанған алғашқы ойыншы болды.

Bloomberg Billionaires индексінің мәліметінше, Португалия құрамасының капитанының таза байлығы 1,4 млрд долларға жеткен. Бұл көрсеткішке оның жуырда Сауд Арабиясының “Әл-Наср” клубымен 400 миллион долларлық жаңа келісімшартқа қол қоюы елеулі әсер еткен.

Қазір 40 жастағы шабуылшы мансабының соңғы кезеңінде болса да, әлемнің ең дәулетті спортшыларының бірі атанып отыр. “Әл-Насрмен” жасалған бұл ірі келісім оны тек футболда ғана емес, жалпы спорт индустриясында ең табысты тұлғалардың қатарына қосты.

Бұған дейін Роналду мен оның мәңгілік қарсыласы саналатын Лионель Месси жыл сайын шамамен бірдей көлемде табыс табатын. Алайда 2023 жылдан бастап олардың табысындағы айырмашылық айқын байқала бастады.

Осылайша Криштиану Роналду футбол тарихындағы алғашқы миллиардер мәртебесіне ие болып, тағы бір рекорд орнатты.

Related posts

Есірткі өндіру мен өткізуді ұйымдастырушылар өмір бойына түрмеге тоғытылмақ

editor

Қазақстан шекарасын заңсыз кескен ресейлік қолға түсті

ttjk

Шекаралық бақылаудан өту жеңілдетіледі

editor