Картоп пен қызылшаның тұқымы 10 пайызға жетпейді

Қазақстанда картоп пен қант қызылшасының отандық тұқымы 10 пайызға жетпейді. Бұл туралы бүгін Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Мемлекет басшысының айтуынша, бұл өте төмен көрсеткіш және үкімет 2028 жылы отандық тұқымның үлесін 80 пайызға жеткізу керек.

«Тұқым шаруашылығын жандандыру – стратегиялық міндеттің бірі. Картоп пен қант қызылшасы бойынша отандық тұқымның үлесі 10 пайызға да жетпейді. Осындай мәселелерді шұғыл шешу қажет. Биыл Дәнді-дақылдар селекциясы мен тұқым шаруашылығын дамыту туралы кешенді жоспар қабылданды. Нақты міндеттер қойылды. Үкіметке диқандарды елімізде өндірілген тұқыммен қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл көрсеткішті 2028 жылы 80 пайызға жеткізу қажет. Ал жоғары сапалы (яғни, элиталық) тұқымның үлесі кемінде 15 пайыз болуы керек. Ол үшін шетелдің озық тәжірибесін зерттеген жөн. Мен жақында француз кәсіпкерлерін осы саладағы инвестициялық жобаларды бірге жүзеге асыруға шақырдым», деді Президент.

Related posts

Оңтүстік Корея заңсыз жұмыс істеп жүрген отандастарымызды қайтаруды талап етіп отыр

editor

Ертегілер елінде бірнеше күн: Каппадокия

ttjk

«Қарызсыз қоғам»: Орталық жобалық кеңсесі Астанада ашылды

Назия Жоямергенқызы