Кәсіпкерлердің құзыретін арттыру – басым бағыт

Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін гранттық қаржыландыруды ұсынуға конкурс жариялады. Бес миллион теңгеге дейінгі мөлшердегі өтеусіз негізде берілетін мемлекеттік гранттар «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалистері болған әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне, шағын және орта кәсіпорындарға берілмек.

Конкурстың жалпы бюджеті 500 млн теңгені құрап отыр. Бүгінде шаһарда өз ісін бастаған және бастағысы келетін кәсіпкерлерге қолдау барынша жүргізіліп келеді. Бұл тұрғындардың екі қолға бір күрек табуына жәрдемдесіп қана қоймай, қала экономикасының дамуына септігін тигізіп жатыр.

Бүгінде мегаполисте 406 мыңнан астам жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілері бар. Ал бұл еліміздің барлық бизнесінің 25%-ын құрайды. Сондықтан Алматы қазақстандық кәсіпкерліктің локомотиві ретінде, ең алдымен, қарқынды дамып келе жатқан ШОБ секторы есебінен салықтық аударымдардың ең көп көлемін жасайды. Былтыр республикалық қазынаға Алматы бизнесі 5 трлн теңгеден астам қаржы аударған. Биыл 4 айда 1,7 трлн теңгеден астам қаржы түсімін көрсетті.

Қала экономикасының негізгі драйверлері – сауда, қаржы және көлік сияқты дәстүрлі сала. Әйткенмен былтыр кәсіпкерлердің белсенділік құрылымында сапалы өзгерістер орын алған. Бағдарламалық жүйелік құжаттар шеңберінде, оның ішінде қаланы дамытудың 2025-2030 жылдарға дейінгі жоспары креативті индустриялар, туризм және таза өндірістер басым салалар ретінде айқындалған. Оларға қазір ерекше назар аударылып, бизнесті жаңа деңгейге көтеруге барынша көңіл бөлініп отыр. Сонымен бірге, өткен жылы жұмыс істемеген немесе салық көлеңкесінде болған компаниялар қазір жандана бастағанын да атап өткен абзал. Мысалы, осы күні шаһардағы көптеген кәсіпкерлер ашық жұмыс істеуге көшті. Өйткені, Алматы қаласының ӨКП құрылымында құқықтық қорғау, қоғамдық мониторинг және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл бөлімі жұмыс істейді, жан-жақты заң көмегін көрсететін, оның ішінде мемлекеттік және сот органдарында кәсіпкерлердің мүдделерін қорғайтын сарапшы-заңгерлер де жұмыс істейді. Дуальді оқытудың Жол картасы да тұрақты қолға алынған. Ал білім алушыларға барынша тиімді жұмысқа орналасуға және одан әрі мансаптық өсуге мүмкіндік берілген.

Сондай-ақ, Алматы қаласының ӨКП халықаралық жобаларды іске асырып келеді. Онда шетелдік компаниялардың лауазымды тұлғалары мен басшыларының қатысуымен қазақстандық бизнесмендердің халықаралық көрмелерге және бірлескен жобаларға қатысу мүмкіндіктері талқыланып, денсаулық сақтау, логистика, туризм, жеңіл, ауыр, тамақ өнеркәсібі және т. б. салаларда ынтымақтастықты жолға қою бойынша жұмыстар жүргізіледі. Кәсіпкерлер үшін импорт,экспорт және сыртқы саясат қызметі бойынша кеңес беріледі.

«Almaty Business порталы құрылып жатқанын да айта кеткен жөн. Оған 4 негізгі компонент кіреді: портал-бизнеске арналған қызметтердің бірыңғай маркетплейсі, оқыту, сауалнамалар, аналитика. Бұл жерде кәсіпкерлікті дамыту мақсатында бизнестің пайдасы үшін барлық цифрлық әзірлемелерді шоғырландыру қолға алынып отыр. Оқыту Алматы қаласы Кәсіпкерлік басқармасының тапсырысы бойынша жүргізіледі және салалық ерекшелікті және ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үшін бизнес-ортаның өзекті трендтерін ескере отырып, кәсіпкерлердің құзыретін арттыруға бағытталған. Барлық оқыту бағдарламалары креативті индустриялар және IT, туризм, таза өндірістер сияқты басым салаларға баса назар аудара отырып, кәсіпкерлердің қолданбалы қажеттіліктеріне сүйене отырып әзірленбек. Бұл қаланы дамытудың негізгі басымдықтарына сәйкес микро, шағын және орта бизнесті жандандыруға көмектесіп жатыр. Осы арқылы алдағы 3 жылда кемінде 6 мың қатысушыны, жыл сайын 2000-ға жуық қатысушыны оқыту жоспарланған.

 

 

 

Related posts

Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге арналған 2576 үйдің құрылысы аяқталды

editor

Туризм жарнамасындағы әлеуметтік желілердің рөлі айтылды

editor

Ақбөкен – Арқа бренді

ttjk